Сыбайлас жемқорлықты болдырмау – басты парыз!

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық.

Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конститутциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын және оның алдын-алу, жол бермеу мәселелері бойынша тек қана газет беттерінен оқып уақытша ойға берілмей, нақты бір шешім қабылдап, елу елдің қатарына енуді және өзге мемлекеттерге үлгі болатын Қазақстан болуды алға мақсат қып қойып, сол үшін аянбай еңбек етейік!

 

Б.Орашова

 

Шымкент қаласы

Абай ауданының

СЭББ бас маманы