Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт рәсімдеу толықтай онлайн форматқа көшіріледі

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, 1 маусымнан бастап техникалық паспорт рәсімдеу және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру қызметтері тек электронды түрде көрсетіледі. Құжаттарды төлеу және алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті болмайды.

Қызмет ақысын өтінім беру кезінде бірден төлеуге болады, ал дайын құжат автоматты түрде жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде пайда болады.

Қалай рәсімдеуге болады:

  • eGov.kz порталында «Жылжымайтын мүлік» бөліміне өтіп, қажетті қызметті таңдаңыз («Техникалық паспорт беру» немесе «Кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру»).
  • Нысан түрін көрсетіп, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалын таңдаңыз және қажетті мәліметтерді толтырыңыз.
  • Төлем жасап, сұранысқа ЭЦҚ немесе SMS арқылы қол қойыңыз.

Техникалық паспорт алуға өтінімді eGov mobile қосымшасы арқылы да беруге болады.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар