Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Өзбекстан өңірлерімен байланыс нығаюда

Aқтау қаласында Қазақстан мен Өзбекстан республикалары арасындағы Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысы өтті. Жиын аясында Түркістан облысы мен Өзбекстанның бірқатар өңірлері арасында маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылды.

 

«Ресми іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңіраралық әріптестікті дамытуға бағытталған бастамаларды қолдады. Кездесу қорытындысы бойынша Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының Самарқан, Ташкент және Жызақ облыстары арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімдерге қол қойылды. Құжаттар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет, білім беру және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, Түркістан облысы мен Жызақ облысы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді. Құжатта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға арналған нақты іс-шаралар, орындау мерзімдері және жауапты тараптар айқындалған. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Түркістан облысы мен Өзбекстан өңірлері арасындағы өзара іс-қимылдың қарқыны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қол қойылған келісімдер инвестиция тартуға, өзара сауда көлемін ұлғайтуға, өндірістік кооперацияны дамытуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тың серпін береді», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Түркістан облысы мен Өзбекстан өңірлері арасында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, туризм, кәсіпкерлік және инвестиция салаларында тиімді ынтымақтастық қалыптасқан. Жаңа келісімдер осы байланысты одан әрі нығайтып, екі ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және өзара тиімді әріптестіктің кеңеюіне мүмкіндік береді.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар