Арыс қаласында жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, әскери қызметтің маңызын түсіндіру арқылы патриоттық сана-сезімін ояту, ұлттық рухты көтеріп, ел қорғаны болуға дайын, тәртіпті де табанды жастарды тәрбиелеуге ықпал ету мақсатында әскери-патриоттық бағытта 13 іс-шара өткізілді. Атап айтар болсақ, «Әскердегі бір күнім» Ашық есік күні, «Ерлікке — тағзым» атты тақырыпта кездесулер, әскери сала мамандарының қатысуымен арнайы дөңгелек үстелдер жүргізілуде.
Жастарды әскерге тартуға қатысты 2026 жылдың жоспары бойынша 300 жасты әскерге тарту көзделуде. Көктемгі шақырылым бойынша
113 жас әскерге аттанды. Күзгі шақырылым бойынша 200-ге жуық жасты әскерге тарту жоспарлануда.
Бүгінде Арыс қаласында 77 мың 137 адам тұрады. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны 24 мың 601-ді құрайды. Бұл — халық санының 31 пайызы. Оның ішінде қала жастары – 66, ауыл жастары 34 пайыз. Қаланың «Жастар ресурстық орталығы» биыл жыл басынан бері аудан, қала көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 294 іс-шара өткізді.
Білім беру мекемелерінде қолжетімді және сапалы білімді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мақсатында «ZIATKER-2026» интеллектуалды сайысының іріктеу ойындары өткізілді. Оған қала бойынша 300 жас қамтылды.
Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін, сондай-ақ NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында қала кәсіпкерлерінің қатысуымен арнайы кәсіпорындарда «Өз кәсібіңді аш», «Сенің мүмкіндігің», «Жастар және кәсіпкерлік», «Жастарға бағыт» тақырыптарында Ашық есік күндері өткізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде қайтарымсыз грант, жұмысқа орналасу, кәсіптік оқудан өту туралы арнайы адрестік түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Арыс қаласы бойынша NEET санатындағы жастардың саны – 181 адам, 0,73 пайызды құрайды. Жастар арасындағы NEET санатын төмендету, жұмыссыздық деңгейін азайту және жас кәсіпкерлерді қолдау бағытында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жұмыстарды жүйелендіру үшін NEET санатындағы жастарға талдау және олармен жұмыс жүргізу мақсатында арнайы адрестік түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында биылғы жылдың 8 айында 520 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 97-сі жастар практикасы бойынша, 128-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 39-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 256-сы тұрақты жұмыс орны бойынша орналасты.
«Серпін-2050» жобасы бойынша білім беру мекемелерінің оқушы жастары арасында мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында 15 ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жастарды өз көзқарасын дәлелді, логикалық түрде жеткізуге, қарсы пікірлерді талдауға үйрету, көпшілік алдында сенімді сөйлеуге, ойды нақты әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру мақсатында «Мәдениет және қоғам», «Сайлау және жастар», «Жастар-қоғамның қозғаушы күші» атты тақырыптар аясында пікірсайыс ойындары өткізілді.
Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында арнайы мониторинг топтары құрылып, 23 түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе «Заң мен тәртіп», «Құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау», «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Тұрмыс» тақырыптарында жедел профилактикалық 122 іс-шара өткізілді.
Жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Мен өз өмірімді сүйемін», «Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін», «Өмір — қымбат сый» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Қаламызда лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Лудомания-қоғам дерті», «Ойынға емес, арманыңа тәуелді бол», «Құмар ойын – көрінбейтін қақпан», «Өзіңді басқар, өміріңді өзгерт» атты тақырыптарда 22 іс-шара өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алып, өңірлерде сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде қала аумағанда 58 сенбілік өткізілді.
Сондай-ақ, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру, елді мекендер мен табиғи аймақтарды тазарту арқылы экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосу және жастардың белсенді экологиялық ұстанымын дамыту мақсатында дөңгелек үстелдер мен арнайы түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, 13 іс-шара өткізілді.
Жастар арасында еріктілік қызметті жандандыру мақсатында қайырымдылық акциялары, арнайы түсіндірме жұмыстары, қолғабыс жұмыстары жүргізіліп, 25 іс-шара өткізілді.
Сондай-ақ, қоғамға пайдалы істер арқылы азаматтық белсенділікті арттыру, жастардың бойында жауапкершілік, жанашырлық және көмек көрсету сынды адами құндылықтарды қалыптастыру, еріктілік арқылы әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамайтын, ынтымақ пен бірлікке негізделген белсенді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан «Бірлік» еріктілер ұйымы құрылып, ерікті жастар үшін қызмет көрсетуде.
Жастардың өз армандары мен мақсаттарына нық қадам жасауына түрткі болу, оларды ынталандырып, өмірлік белсенді ұстаным қалыптастыруға шабыттандыру, табысты тұлғалардың тәжірибесі арқылы жастарға мотивация беріп, сенімділік пен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға жол ашу мақсатында TEDx форматында «JASTAR TALKS» жобасы аясында спортшы жастармен кездесулер өткізілді.
Мәдени рухани, дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу, сонымен қатар, бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша түрлі сарындағы іс-шаралар жоспарланып, 47 іс-шара өткізілді.
Әлішер ТӨЛЕГЕНОВ,
Арыс қаласының
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ басшысы.



