Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
12.11.2026

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбар ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан «Ordabasy Eggs» құс шаруашылығы жобасының құрылыс барысымен танысты. Жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба кәсіпкер Жүнісхан Сансызбаевтың бастамасымен қолға алынған. 5,4 гектар аумақты қамтитын өндірістік кешеннің құрылысы 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 20-25 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Қазіргі таңда нысанның алғашқы ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жобаның бірінші кезеңінде 20 мың басқа арналған құс шаруашылығын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар өндіріс аумағын кезең-кезеңімен кеңейтіп, қосымша ғимараттар салу көзделуде. Аудан әкіміне өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар мен автоматтандырылған жүйелер таныстырылды. Атап айтқанда, құстарды азықтандыру, жұмыртқа жинау және тазалау процестері арнайы жабдықтар арқылы жүзеге асырылмақ. Қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, қазіргі уақытта оларды құрастыру және орнату жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпкер өндірісті жабдықтау үшін құс шаруашылығы саласында тәжірибесі бар Қытайдың LIVI компаниясының технологияларын таңдаған. Компания мамандары өндірістік кешенді жобалау, жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстарымен қатар, жергілікті мамандарды автоматтандырылған жүйелерді басқаруға үйретуді де қамтамасыз етеді.

Аудан әкімі жобаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асуының маңызын атап өтіп, құрылыс жұмыстары мен өндірісті іске қосу кезеңдеріне қатысты жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар