Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
16.10.2026

Арыста ірі сервистік орталық бой көтеруде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапарымен барғанда бірқатар өндірістік нысанды аралады. Жоба бастамашыларымен кездесіп, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

 

Өңір басшысы алдымен Арыс-Шардара тас жолы бойында орналасқан Қазақстан мен Франция елдерінің бірлескен электровоздарға сервистік қызмет көрсету орталығына барды. Нұралхан Оралбайұлы өндірістік нысанның өңірдегі теміржол саласының дамуына және жаңа жұмыс орындарын құруға қосатын үлесіне тоқталды. Жауаптыларға жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етіп, инвесторларға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.

Жаңа нысан франциялық  «Alstom» компаниясы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы инвестициялық келісім аясында жүзеге асырылуда. Арыс қаласындағы депо – еліміз бойынша салынатын төрт сервистік орталықтың бірі. Жобаны «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталған. Жобаның инвестициялық құны 3,5 млрд теңгені құрайды. 2,9 гектар аумақта орналасқан ғимараттың аумағы – 4 100 шаршы метр. Орталықты жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Нысан жылына 2 мың электровозға сервистік қызмет көрсетуге қауқарлы. Жоба іске қосылғанда 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар