Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-02-01 11:15:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 149
Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан «Гишткуприк» шекаралық кеден бекетін жабады. Gazeta.uz Өзбекстанның кеден комитетіне сілтеме жасай отырып осылай деп хабарлады. Өзбекстан дәл осы кеден бекетін 5 ақпаннан бастап төрт айға жабатынын ресми хабарлады. Бұл Ташкент облысында орналасқан. Кеден бекетінің Қазақстан жағындағы атауы – «Жібек Жолы». Дәл осы өткізу бекетінде жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына үш жылдан асты. Енді алдағы төрт айда жөндеуді толық бітіреміз деп отыр.
«Жөндеуден соң бекеттің аумағы 1,5 гектарға кеңейіп, бұл өткізу қабілетін 350-ден 1000 көлікке, ал жолаушылар санын 30 мыңнан 50 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді» дейді мамандар.
Ал Ташкентке барғысы келетіндер алдағы төрт айда шекараны Ташкент облысындағы жаңадан жөндеуден өткен «Науаи» (Зангиата) бекеті арқылы кесіп өте алады. Бұл бекеттен жаяу жүргінші де, көлік те, автобустар да өткізіледі. «Жібек жолы» бекеті мен «Науаи» бекетінің арасы 20 шақырымдай. Десе де «Науаи» бекеті арқылы жүк көліктерінің өтуіне уақытша тыйым салынған.