Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-09-29 11:15:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 32
Атакент Мақтаарал аудандық ауруханасында медициналық қызметкерлерге арналған «Жақсы көңіл-күй жанға қуат»психологиялық тренинг өткізілді. Бұл тренингтің басты мақсаты – ұжымның өзара қарым-қатынастарын нығайтып, қызметкерлердің эмоционалдық жағдайын жақсарту арқылы жұмыс өнімділігін арттыру.
Медициналық салада қызмет ету – жоғары жауапкершілікті талап ететін, психологиялық және физикалық ауыртпалықпен байланысты қызмет түрі. Сондықтан медициналық ұжым үшін жақсы көңіл-күй мен жағымды жұмыс ахуалының маңызы зор. «Жақсы көңіл-күй жанға қуат» атты тренинг осыны көздей отырып ұйымдастырылды.
Тренингтің басында ұжым мүшелері өзара танысып, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған жеңіл сергіту жаттығуларын орындады. Бұл бөлім ұжым мүшелерінің бір-бірін жақынырақ тануына және ашық қарым-қатынас орнатуына септігін тигізді.
Медициналық қызметкерлер әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы командалық жұмыс жасауға, қиын жағдайларды бірлесіп шешуге бағытталған тапсырмаларды орындады. Бұл жаттығулар олардың бір-біріне деген сенімділігін арттырып, өзара қолдауды нығайтты.
Тренингтің соңында қатысушылар эмоционалдық релаксация және тыныштықты сезінуге бағытталған медитация жаттығуларын орындады. Бұл бөлім стрессті азайтып, психологиялық ауыртпалықтан арылуға көмектесті.
Тренинг барысында медициналық ұжымның арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптасты. Қызметкерлер бір-біріне ашық, сенімді қарым-қатынас орнатып, жұмыс барысындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік алды.
Медициналық мекемелерде қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қызметкерлердің психологиялық жағдайын қолдау маңызды. Әлсейітова Арайлым Сержанқызының бастамасымен өткен бұл іс-шара медициналық ұжым үшін пайдалы әрі әсерлі болып, алдағы уақытта да осындай тренингтерді ұйымдастыруға қажеттілік бар екенін көрсетті.
1621 (3)