Адам өлтіргендер 25 жылдан соң ұсталды

Құқық

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-02-04 14:15:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 173


Адам өлтіргендер 25 жылдан соң ұсталды

Қылмыскерді полиция прокуратурамен бірге анықтаған. Қылмыстың ашылуына 25 жыл керек болғанын ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов былай деп түсіндірді: «Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды. Екі күдікті – тапсырыс беруші мен оны орындаушы ұсталды. Екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізілуде. «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда», - деді ол.

Жалпы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, былтыр қылмыстың 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалған.

Десе де қылмыс саны азаймай отырған өңірлер бар. Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін көбейген. Қылмыстың ең көбі Алматыда тіркеледі екен. Мұнда 24 965 (18,8%) тіркелсе, Астанада – 17 339 (13,1%), Қарағандыда – 7 562 (5,7%) қылмыс жасалған. Қылмыстық құқық бұзушылықтың 34% -ы алаяқтық. 23% – ұрлық. Үшінші орында есірткі қылмысы тұр.

 

Пікір қалдырыңыз: