Келес ауданы: Екі тарап келісе алмаған ба?

Құқық

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-02-04 17:15:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 433


Келес ауданы: Екі тарап келісе алмаған ба?

Ал оның соңы үлкен дауға айналмасын

 

«Түркістан облысында әріптесінің көлігін заңсыз айдап кеткен тұрғын ұсталды». Қылмыс хроникасындағы ресми ақпарат осылай дейді. Оқиға Келес ауданында болған. Құны 2 миллион теңгеге бағаланған Audi автокөлігін заңсыз айдап кеткен 36 жастағы ер адамды ұстаған құқықорғаушылар тергеу барысында күдікті мен жәбірленуші бір-біріне әріптес екенін анықтаған. Танысының көлігін рұқсатсыз айдап, Шымкент қаласынан тартып отырған күдіктіні полицейлер дер кезінде құрықтап, көлікті заңды иесіне табыс еткен. Осымен мәселе шешілді деуге болар еді.

Егер, бұл хабарлама жариялана салысымен, әлеуметтік желіде қызу пікірталай туындамаса.

Желі қолданушылардың жазуынша әріптесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен азамат бұрын да заңды жауапкершілікке тартылған, «БУЛА» деген лақап атпен танымал азамат болуы мүмкін. «Олардың арасында Б.Қонысбаев кеден бекетінен заңсыз жеңіл көліктерді Өзбекстанға өткізуге талас болған. БУЛА атты күдікті осы күнге дейін сол кеден бекетінде талай қылмыс жасаса да құтылып кетіп жүрген адам. Оның қасында шабандоз А., ұрланған көлік егесі С., кеден бекетінде дезинфекция жасап тұратын Ә., есімді жігіттер бар. Барлығы бірге Б.Қонысбаев кеден бекетінен Кореядан, Европадан келе жатқан, деклорациясының мерзімі өтіп кеткен көліктерді өткізумен айналысады. Мұны кедендегілердің бәрі де біледі. Олардың қасында қолшоқпарлары бар. Солардың қатысыумен болған төбелесте екі тәжік азаматын ұрып тістерін сындырды. Келес ауданы полициясы осыларды анықтап, құрықтаса ғой... Құрметті полицияның тергеу бөлімі, істі бұрмаламай әділ тергеңіздер!» деп жазба қалдырған. Түсінгеніміз «әріптесінің көлігін рұқсатсыз мініп кетті» деген ресми ақпараттың түбінде бір-бірімен келісеалмаушылықтан туындаған теке-тірес, әдейі солай жасау әрекеті жатқан сияқты.

Әлеуметтік желідегі әңгіменің рас өтірігін құзырлы органдар анықтай жатар. Біздің мұны жариялап отырғандағы мақсатымыз, ұсақ-түйекке мән бермеудің салдары үлкен қылмастардың орын алуына жол бермесек екен деген иеттен туындап отыр.

Естеріңізде болса, Талғардағы аты-шулы қанды оқиғаның да о баста ұсақ-түйектен, жергілікті жердегі полиция қызметкерлерінің елдің уәжіне мән бермеуінен басталған жоқ па еді? Соны ұмытпайық...


Пікір қалдырыңыз: