Шымкентте баласы түнде қыдырғаны үшін...

Құқық

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-02-05 15:45:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 442


Шымкентте баласы түнде қыдырғаны үшін...


Шымкентте 150 ата-ана баласының бейуақытта көше кезіп жүргені үшін жауапқа тартылды. Мегаполис полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балаларды түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүруіне жол бермеу талаптары бойынша түнгі рейдтерге шығып тұрады. Әрине, көп ата-ана баласының  түнгі қыдырысынан бейхабар болатыны да рас. Ал хабары барлары «не болыпты көшеге шықса?! Дегенді алға тартып, талапқа бағынғысы келмейді.

Бейуақытта көшеден жүрген, әсіресе, өз үйінен ұзап шығып кеткен жасөспірімдер арасында түрлі жағдайлар болатынын күнделікті тұрмыста естіп, көріп жүрміз. Бетін аулақ қылсын, десек те кәмілетке толмағандар арасындағы ұрыс-төбелес, ерегістің соң қайғылы қазаға ұшыратып жататыны да бар. Осындай келеңсіздікті болдырмау үшін шымкенттік полицейлер түнгі рейдтік тексерісті бастаған. Оған жергілікті атқарушы орган, жастар ресурстық орталығының өкілдері де қатыстырылуда.  

Осылайша соңғы күндері тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта көшеде жүрген 141 баланы анықтады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылуда.

Ойын-сауық мекемелерінде де түнде жүрген 9 бала ұсталған. Кәмілеттік жасқа толмаған олардың ата-аналары шақырылып, арнайы хаттама толтырылған. Беймезгіл уақытта жас баланы орталыққа кіргізгені кәсіпкерлерге де әкімшілік кодекске сәйкес айыппұл салынды. Ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 8 жасөспірім уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді.


Пікір қалдырыңыз: