Екіқабат қыз ауыл мектебінде көп

Мәселе

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-02-07 15:45:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 440


Екіқабат қыз ауыл мектебінде көп

Бүгінгі қоғамның басты дертіне айналаған бұл проблеманы «жабулы қазан» ете беруге болмайды. Сосын, қанша намысымызға тисе де ащы шындықты айтуымыз керек. Мектепте жүріп жүкті болып қалған оқушы қыздардың көбі ауыл мектебінде. Қала мектебіндегі жүкті қыздар санынан екіқабат болып қалған ауыл мектебінің оқушы қыздары көбейіп кеткені туралы «Айқын» газеті де дабыл қағып отыр.

Әрине, бұл мәселеде ата-ана тәрбиесі аса маңызды. Алайда, ата-ананың барлығы бірдей көргенді, сауатты және мәдениетті болмағандықтан мемлекет қыруар қаржы бөліп, бала бақша мен мектептер ұстап отыр.

Өз басым ауыл мектептеріндегі оқушы қыздар арасында жүктіліктің артуын тікелей педагогтардың біліктілік сапасы төмендігінен көремін.  

1. Көптеген еркек директорлар пед.ұжымдағы бәденді деген қыз-келіншектерді ойнас қып алғаны жасырын емес (Сондайлардың кейбірін мемлекеттік мектептен кетіруге тікелей өзім атсалыстым).

2. Кейбір «педагог» қыз-келіншектер сағат үшін, лауазым үшін немесе өзінің көргені сол болғандықтан дөкейлермен ашық ойнастық жасайды.

3. Кейбір «заврайонолар» өз қол астындағы бәденді деген «педагогтарды» ауданға келген дөкейлерге «шәй құйып» беру үшін пайдаланады деген әңгіме негізсіз емес. Ондай дастарқанда тек шәй ішіліп қана қоймайтыны бесенеден белгілі.

Өкінішке қарай, мұндайлардың арасында ері бар келіншектер де бар (Осындай себептермен ойрандалған отбасылар туралы зерттеу жүргізетін журналистер болса мен біраз кейс беруге дайынмын).

Осының бәрі оқушылардың көз алдында болып жатыр...

«Интернет» деген «ұлы» ұстазы бар қазіргі балалар сабақтан басқа да біраз нәрсе біледі, сезеді.

Өмір Шыныбекұлы,

Шымкент қаласындағы №41 мектептің мұғалімі, қоғам белсендісі,


Пікір қалдырыңыз: