Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-02-20 14:15:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 342
Біле жүріңіз
Наурыздың 20-25 күндері Ұлы Жібек жолы бойымен өтетін керемет теміржол туры – «Жібек Жолы 3.0» бастау алады. Наурыз мерекесіне орайластырылған бұл саяхат туры пойызбен «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағытымен жүреді.
Заманауи вагондарда барлық жолаушыға қолайлы жағдай жасалған дейді мамандар. Таза төсек-орын, ыстық су (титан), диспенсермен таза ауызсу, әр вагонда екі дәретхана және бір душы бар бұл пойыз сіз үшін қонақ үй іспетті болмақ. Бір купеде 4 адам орналасады.
Алматыдан шыққан пойыз алдымен Таразға тоқтап, ежелгі Тараздың тарихи ескерткіштерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Сосын, Түркістанға аялдайсыз. Мұнда да саяхатшылар көне Түркістан мен жаңарған Түркістанның кескін келбетіне тамсана қарары сөзсіз.
«Жібек жолы 3.0» пойызы динамикалық Ташкентте сізге шығыс мәдениеті мен өнерін тамашалуға мүмкіндік бермек. Ал, соңғы аялдама Самарқанд өзіндік сиқырымен баурап алары сөзсіз.
Сапар барысында кәсіби гидтер Жібек жолы бойындағы аңызға айналған орындармен таныстырып, қызықты экскурсиялар ұйымдастырмақ.
Ас-ауқат мәселесін уайымдамасыңыз да болады. Мысалы, Түркістанда барлығы қамтылған (күніне 3 мезгіл тамақ). Ташкентте таңғы ас – өз есебіңізден (вагон-ресторанында, шамамен 1 500 тг/адам), түскі және кешкі ас – тур ақысына кіреді екен. Самарқандта да таңғы асты өз есебіңізден (вагон-ресторанында, шамамен 1 500 тг/адам) ішесіз де, түскі және кешкі ас тур ақысы есебінен болады.
Ал Таразда таңғы ас және түскі асты өз есебіңізден ішіп, кешкі ас тур ақсына жатады.
Қалалардың ішінде сізді алып жүретін барлық трансферлер, гид қызметтері, билеттер және экскурсиялық бағдарлама тур бағасына кіреді!
Сізді қызықтырып отырғаны тур бағасы екені анық.
Баға, ересектер (14 жастан бастап) үшін – 210 000 теңге, балалар (4-14 жас) үшін – 150 000 теңге.
Толық ақпаратты 8-771-571-9757, 8-747-587-2148 нөмірлерінен алуға болады.