Шымкентте сауна мектепке берілді

Мәселе

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-03-04 13:14:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 70


Шымкентте сауна мектепке берілді

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, әрі қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді. Оның айтуынша осы кезге дейін мектептің іргесіндегі сауна заңсыз жұмыс істеп келген.

–Шымкент қаласындағы №8 мектептің іргесінде орналасқан бұрынғы саунаның жері ешкімнің жеке меншігіне өтпейді. Ол жер бұрын мектеп балансында болғаны ескеріле отырып, №8 мектептің балансына қайтарылады. Бастапқы құрылыс нысанын бұзып, басқаша жасап, көпқабатты үйді саунаға айналдырып жібергенін зерттеу, тексеру барысында білдік. Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 316-бабының талаптары бұзылғаны анықталды. «Арман-1» саунасының қызметі тоқтатылып, нысан мөрленді. Сондай-ақ полиция департаменті тарапынан да өндірісте Қылмыстық кодекстің 309-бабы, 7-бөлігінің 1-тармағымен байланысты жезөкшілікпен айналысу үшін притон ұстау және ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша бірнеше адам тергеу-тексеру амалдарына қатысып жатыр, - деді ол

 


Пікір қалдырыңыз: