Əлемді мойындатқан режиссер

Мәдениет және өнер

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-08-03 10:15:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 75


Əлемді мойындатқан режиссер


Аруан Анартай – шымкеттік жас кинорежиссер. Оның алғашқы толықметражды фильмі Joqtau (Жоқтау) əлемдік аудиторияда мойындалған дүние. São Paulo-дан Гонконгқа дейін, əр елде көрсетілген бұл туынды Колумбия кинофестивалінде бас жүлдені иеленген алғашқы қазақстандық фильм атанды. Сонымен қатар, фильм əйгілі Локарно фестивалінің бағдарламасының таңдаулылар тізіміне енгізілді.

Фильмдегі оқиға желісі жас ғалым Дархан туралы. Ол жеті жылдан кейін өзінің сүйген қызы Еленамен бірге елге оралады. Атасы Сағат оларды ауылға саяхаттап қайтуға шақырады. Жолай əрқайсысы өзіндік сынақтан өтіп, бір-бірін түсіне бастайды.


Joqtau — режиссердің туған өлкесіне деген махаббатының көрінісі. Фильмде аға буын мен жастардың арасындағы қарым-қатынас жəне дəстүрді түсінуге ұмтылыс көрініс табады. Басты рөлді сомдаған Ермек Шынболатов та Түркістан өңірінің тумасы.

Арнайы шымкенттік көрермендер үшін осы киноның көрсетілімі өтеді. Оған режиссер мен басты рөлді сомдаушы актер қатысады.

Joqtau фильмі 7 тамыздан бастап бүкіл Қазақстан бойынша KINOPARK жəне

Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінде көрсетіледі.

 


Пікір қалдырыңыз: