Сайрам ауданының әкімі қызметінен кетті

Саясат

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-08-04 11:25:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 58


Сайрам ауданының әкімі қызметінен кетті

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысындағы іргелі аудандардың бірі Сайрам ауданын басқарып келген Арман Сәбитов қызметінен кетті. Бұл туралы ол Фейсбугтегі ресми парақшасында былай деп жазды:
ҚҰРМЕТТІ КИЕЛІ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚАДІРЛІ ҚАУЫМ!
Бүгінгі күннен бастап басқа қызметке ауысуыма байланысты, САНСЫЗ БАПТАР мекені Сайрам ауданы әкімі қызметіндегі өкілеттігім өз мәресіне жетіп отыр.
Осыған орай, аз ғана уақыт ішінде маған білдірілген сенімдеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды жеткіземін!
Сайрам ауданының әкімі ретінде атқарған екі жылдық қызметімде өздеріңізбен қоян-қолтық жұмыс істеудің нәтижесінде, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды.
Мемлекеттік қызметтегі тәжірибем мен білімімді ауданның даму жоспарының тиімді орындалуына жұмсай отырып, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлерге жете мән бердім айта аламын.
Әсіресе, елді мекендерге инфрақұрылым тарту, санитарлық-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік нысандар құрылысы сынды бағыттарда нақты нәтижелерге қол жеткізілді.
Сайрам – бірлігі бекем, халқы еңбекқор аудан. Аудан жұрты келген күннен бастап жылы қабылдап, бастамаларға қолдау білдірді. Өз кезегінде, жұмыс барысында мен де ауданнан өзіндік тәжірибе жинақтадым.
Барлық бастама аудан тұрғындары мен ақсақалдарының ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылды. Бұл жұмыстардың нәтижесі – Сіздердің қолдауларыңыз бен бірлескен еңбектеріңіздің жемісі деп білемін.
Осы сәтті пайдалана отырып, Сайрам ауданы әкімі аппаратының кәсіби ұжымына және барша аудан тұрғындарына қызмет барысында көрсеткен сенімі мен қолдаулары үшін алғысымды білдіремін.
Баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасылырыңыз амандық, алдағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Арман Сабитұлы!


Пікір қалдырыңыз: