ҚОЙ ЖҮНІНІҢ ПАЙДАСЫ

Дін мен дәстүр

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-07-12 14:25:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 28


ҚОЙ ЖҮНІНІҢ ПАЙДАСЫ

  

Қой жүні адамның қан қысымы мен бас сырқатын жазатын бірден-бір ем екен. Сондықтан қазір жастық пен көрпе өндірісімен айналысатын компаниялар жастық пен жастықшаларға тауықтың жүнін емес, қой жүнін сала бастады.

Академик Жасан Зекейұлының ғылыми зерттеулерінде қой жүніндегі шуаштың адам денсаулығына пайдалы екені айтылған. Халық емшілігінде басы ауыратын адамдарға, яғни қан қысымы барларға жатарда жанына қойдың бір уыс жүнін қойып жатуға кеңес береді. Өйткені қой жүні – қан тамыры сырқаттарын жазатын табиғи ем.

Қой жүні қалай адамның қысымын реттейді дегенге жауап қарапайым. Өткен ғасырдың 50 жылдары доктор Альберт Крюгер микробиология мен нейробиология саласында арнайы тәжірибе жасап, оң ионды заттардың адам ағзасында серотонин гормонын көп бөлуге көмектесетінін дәлелдеген. Ал қойдың жүні дәл осы оң ионды көп бөлетін электростатикалық қасиеті бар зат саналады. Оң ионды электр заряды адам денесінде жиналып, серотонин бөледі. Ал серотонин көңіл-күйді жайландырып, ұйқы мен тәбетті, мидың нейрондары арасында байланысты жақсартады. Әсіресе, күйзеліс пен ашушаңдықты басады. Ұйқы безінің жұмысын жақсартады.

Аустралия мен Жаңа Зеландияның байырғы халқы дімкәс, шала туылған балаларды қойдың жүнімен орап, күтім жасайтын әдеті болған екен. Мұны тексеріп көрмек болған Кембридж университетінің ғалымдары 1983 жылы мынандай бір эксперимент жасайды. Шала туылған сәбилерді бөлек инкубаторға салып, астына қойдың жүнін төсеген екен. Тәжірибенің қорытындысы рас болып шықты. Дімкәс, жарымжан туылған сәбилердің денсаулығы жақсарып, тез салмақ жинап, тыныш ұйықтап, жақсы тамақтанатын болған. Қой жүнімен оралған бала көп жыламайтын көрінеді. Денесінде мүлде аллергия болмаған. Өйткені табиғи қой жүні ауаны жақсы өткізеді. Содан бала терлемейді.

Таза табиғи жүннен жасалған киімдердің қасиеті: ауа өткізеді, су сіңіреді, тез кебеді, емдік антибактериялық қасиетке өте бай, қыста жылы, жазда салқын, адам бойындағы жағымсыз энергияны жояды, ультракүлгін сәулелерден қорғайды, жүйке жүйесін тыныштандырады, жараның тез жазылып кетуіне, сынықтың тез бітіуіне оң әсер етеді, простатит, ревматизм,  варикоз, остеохендроз, радикулит, қан қысымын қалыпқа түсіріп, қартаюды тежейді, қан айналымын реттейді, аяқ, буын ауруларына мың дауа.

Ұзақ жасаймын десеңіз, күндіз ұлтарағыңыз, түнде төсенішіңіз киізден болсын. Ата-бабамыздың ешқашан мұндай ауруларға ұшырамаған себебі осы. Біз неге жасанды, химикат, зиянды киімдерді әлі киіп жүрміз?

 


Пікір қалдырыңыз: