Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-08-31 10:15:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 64
Ол бұл сезімдерін ешкімге айтпай 40 жыл бойына ішінде сақтап келді. Осынша уақыттан бері үндемей келген ол енді бәрін де айтуға бел буды. «Мен тек бос кеңістікті көрген жоқпын. Біреу мені бақылап тұрғанын сездім. Ол жерде жалғыз еместігімді сезіндім. Ғарыш — бұл бос кеңістік емес. Ол жақта — біреу көз алмай қарап тұрды».
Белгілі косманавт Светлана Савицкая «Салют» бағдарламасының ардагерлерімен өткен жабық кездесуде осылайша ғарышқа ұшқан кезіндегі әсерін баяндап берді. Залда ғарышқа бірнеше рет ұшқандар да отырды. Олар да бұл әңгімені үнсіз тыңдады. Ешқашан өтірік айтпайтын, тым әсерілеп жібермейтін Светлананың әңгімесі шынайы екендігін олар жақсы білді.
Кезінде С.Савицкаяның ерлігі туралы БАҚ-та жарыса жазылды. Оқулықтарға енді. Әңгімеге арқау болды. Ашық ғарышқа шыққан алғашқы әйел жайлы қалай жазса да лайықты еді. Елдің мақтанышы. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Аңызға айналған ұшқыш қызы. Қатал, ұстамды, артық күлкісіз — вакуум арқылы өткен металдай қатты мінез иесі.
Бірақ ол жылдар бойы үндемей келген нәрсені айтқысы-ақ келген. Алайда оны тек ғарышта болғандар ғана түсінетін сыр болғандықтан үнсіз қалды.
Ол ашық ғарышқа шыққаннан кейінгі алғашқы эйфория минутынан соң абсолютті және нақты біреудің бар екендігін сезіне бастағанын айтады. Кеңістікте қалқып жүру — жай ғана тыныштық емес. Біреудің назар аударып тұруы... Шоғырланған. Суық. Адамға тән емес назар...
«Бұл — қорқыныш емес. Бұл — елес те емес. Бұл — бақылаушы сен еместігіңді, керісінше өзің бақылауда тұрғаныңды ұғыну», — деді ол.
Көп адам бұны жай ғана шаршаудан, скафандрдағы тыныстан, эмоциялық жүктеменің әсері болуы мүмкін десті. Бірақ Савицкая ондай емес. Ол — инженер. Ол — офицер. Ол мидың қашан алдап, қашан шындықтың жарықшағынан өзге бір нәрсе өтіп жатқанын ажырата алатын маман.
Жатжерліктерді көрмеді. Дауыстар естімеді. Бірақ ол былай деді:
«Маған бір нәрсе жеткізілді. Сөзсіз. Бейнесіз. Жай ғана санама бір түсінік еніп кетті: біз — орталық емеспіз. Шың емеспіз. Біз әлі шәкірт те емеспіз. Біз бақылаудамыз».
Бұл — үрей емес. Бұл — баға. Біреу былай дегендей сезілді: «Сендер әзірге қалуға лайық емессіңдер».
Ашу емес. Кек емес. Жай ғана ғаламдық жүйенің диагнозы, онда адамзат өзін ұлы санайтын микроағза іспеттес.
С.Савицкая бұл сезінуді жерге оралған соң ешкімге айтпады. Үндемеді. Өйткені Кеңес Одағында мұндай сөздер үшін ұшудан шеттететін. Тіпті 90-жылдары оны осы сөздері үшін мазақ та еткен болар еді. Ал 2000-жылдары мұндай «сандырақты» ешкім тыңдағысы келмейтін. Бұл кезеңде адамдарға жаңа гаджеттер, нарықтар, рейтингтер маңыздырақ болды.
Бірақ ендігі жерде адамзаттың қайда бара жатқанын көріп тұрып, ол үнсіз қала алмайтынын айтты.
«Біз Жерді сезінуден қалдық. Аспанды естімейміз. Біз жоғары көтерілген жоқпыз — шетке кеттік, қирату бағытына. Біз ғарышқа түсіну үшін емес, бағындыру үшін ұмтылып барамыз».
Ол ғаламшар бізден жауап күтіп тұрғанына сенімді. Әрине ол бізге ұнайтын жауап емес. «Бұл — қол алысу емес. Бұл — бағдарламадан жойылу. Ғарыш — жау емес. Ол — бейтарап. Ал бейтараптық — кез келген басқыншылықтан да қорқынышты. Бізге ескерту жасалған еді. Бірақ ешкім тыңдағысы келмеді».
Ғарышкер әйел өз айтқандарына өзгелердің сенуін талап етпейді. «Менің айтқанымды бұлжытпай орындарңдар» демеймін. Бірақ мен шындықты айтып тұрмын...»
Осылай деді де ол көпшіліктің назарынан тыс қалды. Телеэкрандардан тып-тыныш кете салды. Себебі ол ана жақта болып келді. Әрі ол жақтың көңіл күйін сезініп келді. Әзірге адамдар оның сөздерін қабылдай аламауда. Толық түсіне алмауда...