Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-08-27 13:00:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 37
Соның ішінде 116,7 гектар 207 жер учаскесіне түзілген шарт негізінде 75,1 миллиард теңге ақысы төленіп, 31 жер теліміне тең бағалы жер учаскелері берілген. Одан бөлек уақытша пайдалану құқындағы алаңы 234,6 гектар болатын 650 учаскеден иелері өз еріктерімен бас тартқан. Жалпы алаңы 57,24 гектарды құрайтын 7 учаске сот шешімімен өтемақысыз қайтарылып, бюджеттің 500 миллион теңгеге жуық қаржысы үнемделген. Қазіргі таңда осыған ұқсас 30 жер учаскесін өтемақысыз қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі кезде Қонаев даңғылының 5-кезең жол құрылысына түсетін 275 учаскенің 245-іне өтемақы төленіп, мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығарылған. «Тұран» ауданынан өтетін «А-2» автожолының 5-кезеңі үшін 80 жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылуға жатады. Оның 23-і бойынша өтемақы жұмыстары жүргізілуде. Бәйтереков көшесінің жалғасын Алтынсарин көшесіне дейін қайта құру үшін 56 жер учаскесі мемлекет мұқтажына қайтаруға жатады. 33-іне өтемақы төленіп, иеліктен шығарылған.
«Қаратау» ауданындағы стадион құрылысы үшін 191 жер учаскесі мемлекет мұқтаждығына қайтаруға жатады. Соның 6-уына тең бағалы жер учаскесі айырбасталып берілген. 174 учаскеге өтемақы берілген. Абай ауданындағы Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңақұрылыс, Изенді көшелерінде күрделі жөндеу жүргізілуі үшін 24 учаске мемлекетке қайтарылуға жатады. Оның 23-і иеліктен шығарылған.