Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-09-01 17:45:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 65
Оқиға 15 тамызда Өзбекстан аумағында орын алды. Бұл Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан шекаралары түйісетін жер. Сол жерде өзбек шекарашылары белгісіз екі азаматты анықтаған.
Өзбекстан тарапының мәліметінше, оларды ұстау кезінде азаматтар шекарашылардың талаптарына бағынбаған. Қару қолдануға мәжбүр еткен. Нәтижесінде, екі азаматқа шекарашылар тарапынан атылған оқ тиіп, алған жарақаттарынан қайтыс болды.
31 тамызда қаза тапқандардың туыстары Өзбекстанға барып, олардың жеке бастарын растаған.
1 қыркүйекте «Баймақ» бақылау-өткізу пункті арқылы Қырғызстан азаматтарының мүрделері қырғыз жағына беріліп, Кербен қаласындағы мәйітханаға сараптама жүргізу үшін жеткізілді.
Бұған қоса, Өзбекстан тарапы марқұмдарға тиесілі мүлікті — үш жылқы мен бір шатырды Қырғызстанға тапсыруға дайын екенін білдірді.
Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар — Чаткал ауданына қарасты Айғыр-Жал ауылының тұрғындары.