Арақ «Сұлтаны» ұсталды

Құқық

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-09-01 17:55:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 68


Арақ «Сұлтаны» ұсталды

Белгілі кәсіпкер, «BM» компаниясының негізін қалаушы Сұлтан Махмадов құрықталды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық прокуратура мамандары да растады. Прокуратура Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесе отырып аталмыш компанияға және онымен байланысы бар өзге де кәсіпкерлік нысандарына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.

Әзірге белгілісі спиртті ішімдік «сұлтаны» атанған С.Махмадовтың  башылығымен ұйымдасқан қылмыстық топ құрылып, олар міндетті лицензиясыз Жамбыл облысы аумағында акцизделетін өнім – этил спиртін жаппай өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметімен айналысқан.

Құқық қорғау органдарының мамандары «Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде көлеңкелі айналымнан құны 280 млн теңгеден асатын 122 мың литр этил спирті тәркіленді» деп отыр.

С.Махмадов дәл осындай қылмысы үшін 2010 жылы да құрықталып, заң алдында жауап берген. Заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында күдіктілер өз жұмысын биоэтанол мен мал азығына арналған қоспаларды заңды түрде өндіруші ретінде мәлімет таратып келген.

Іс жүзінде зауыт аумағында этил спиртін өндіруші өнеркәсіп толық жабдықталған қуатында жұмыс істеген.

Қала берді зауыт аумағында 18 дана майнинг жабдығы анықталған..

Әзірге спирт өнеркәсібінің «сұлтанына» тиесілі 7 автокөлік тәркіленіп отыр.

Негізгі ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынған.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа «Этил спиртін жеткізудің тұрақты арнасын жолға қойған. Спиртті Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында орналасқан жасырын цехтарға жөнелтіп отырған. Бұл цехтарда жеткізілген спирттен тұрғындардың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін суррогат алкоголь өнімдері дайындалған» деген айып тағылуда.

 

 

 

 


Пікір қалдырыңыз: