Шымкентте сүндеттеу – 20-60 мың теңге

Дін мен дәстүр

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-08-31 15:15:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 148


Шымкентте сүндеттеу – 20-60 мың теңге

Шымкентте жаздың аптап ыстығы өтіп, күн біршама салқын тартқан шақта ер балаларды сүндеттеу маусымы басталады. Ілгеріде мұны ата-бабасынан кәсіп еткен қожа-молдалар жасаушы еді, бүгінде медицина дамып, сүндеттеудің жанды қинамайтын тәсілдері шыққалы бері жұрт оның медициналық тәсілдеріне ден қойды.

Қазіргі күндері Шымкенттегі бірқатар клиникаларда балаларды сүндеттеу жүріп жатыр. Балалар хирургы, балалар андролог-урологы Жасұлан Тұрматовтың айтуынша сүндеттеу ақысы 20 мың теңгеден басталады. 

– 30, 40 және 60 мың теңге тұратын түрлері де бар. 20 мың теңге - тек сүндеттеудің ақысы.  Одан қымбаттауларына дәрі-дәрмектің, ойыншықтардың бағасы қосылады. 60 мың теңгелік ота ерекше балаларға наркозбен жасалады. Яғни ол ДЦП-мен, аутизммен ауыратын, психикалық-моторикалық дамуы тежелген, денсаулығында тағы да басқа кінәраты бар балаларға жасалады. Бүкіл сүндеттеу ісі лазер қолданумен іске асырылады. Уақыты бар-жоғы 10-15 минутты қамтиды. Қасында ата-анасы тұрса болады, шектеу жоқ. Қазіргі заманауи әдіске сай балаға ойын ойнатып, ештеңені сезбейтіндей етіп, жарақатын ауыртпай, қанатпай, жайлы жағдайда жасаймыз,- дейді ол.


Пікір қалдырыңыз: