Шымкентте қыркүйектің 7-сіне дейін жол жабылады

Әлеумет

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-09-03 15:45:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 139


Шымкентте қыркүйектің 7-сіне дейін жол жабылады

Шымкент қалалық транспорт басқармасының мәліметі бойынша қыркүйектің 4-інен 7-сіне дейін Тұран шағынауданын іскерлік-әкімшілік орталықпен жалғайтын жол құрылысы жүріп жатуына байланысты уақытша жабылады. 
Атап айтқанда Ы.Алтынсарин көшесін Тұран шағынауданына қосу бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты Көшеров пен Алтынсарин көшелерінің қиылысы уақытша жабылатын болады.
"Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, көлік бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз" дейді басқарма мамандары.

Пікір қалдырыңыз: