Алтынтөбеге аурухана керек!

Мәселе

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-09-03 14:55:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 221


Алтынтөбеге аурухана керек!

Мен Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе елдімекенінде тұрамын. Мен Түркістан облыстық денсаулық сақтау департаментіне өтінішпен шығып, ауылға аурухана ауадай қажет екенін, оны салуға мүмкіндік болмаған жағдайда бұрын салынған ескі аурухананы күрделі жөндеуден өткізіп беруін сұраған едім.

Бірақ басқарма басшысы Асхан Байдувалиев мырза берген жауап қанағаттандырмай отыр. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға да өтініш хат жаздым. Ол менің хатымды Байдувалиев мырза жіберген. Асхан мырзадан тағы да сол жауап алдым. Ендігі жерде кімнен көмек сұрарымызды білмей отырмыз.

Ескі аурухананың жағдайын көрсеңіздер, бүгінгі күнге дейін аурухана көмірмен пеш жағады. Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылына Аурухана ауадай қажет біз аудан орталығынан шалғайда тұрамыз, ауылымызда 10 000 ға жуық халық тұрады. 
Біздің ауылдың қарияларына және жас нәрестелерін аудан орталығына емделуге бару үшін қаражат жағы ауыл халқына өте қиын. Бізде табыс көзі жоқ, жұмыс орны аз. Тек балабақша, мектеп, дәрігерлік амбулатория ғана жұмыс істеп тұр. Бұл жұмыс орындары 10 000мың халықты жұмыспен қамти алмайды .
Екінші мәселе біз емделу үшін портал ашуымыз керек. ОДАН басқа МӘМС деген бар. Қаражаттың жоқтығынан МӘМС ке тіркеле алмаған халық қаншама?!
Үшінші мәселе порталдың талаптарын туралау үшін рентген, УДЗ аппараттарына  түсу, анализ тапсыру сияқты жағдайларды түгендеу үшін аудан орталығына бірнеше рет баруға тура келеді. УДЗ аппаратына түсуді бір апта күтеміз. Кезек келгенше, оны апарып аудан орталығына өткізу керек. Өткен соң порталдың кезегі келгенше 20 -25 күн тағы күтуге тура келеді. Сол аралықта өмірден өтіп кетіп жатқандар Қазығұрт пен Алтынтөбенің арасында сандалып жүргенде шетінеп жатқан сәбилер бар. Қазығұрт ауданында 13 ауыл бар. Осынша ауылдың халқын бір ауданға сыйғызу мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Порталдың кешігуінің себебі міне осы. 
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына аурухана салу жөнінде арыз жазған едім. Ол мекемеден алған жауапты  сіздерге жолдаймын ол жауапқа мен қанағаттанбаймын. Жауап өте қате жазылған басындағы адрес Мақтарал ауданындағы Мұсабаев деп жазылған. Ал жауап Мырзахметова Б деп маған жазылған. Басқармада сондай сауатсыз мамандар отырса кімге сенуге болады?!


"30 000 мың халық жоқ" деп ауылға аурухана салуға болмаса ауыл халқы сіздер үшін ешкім емес па ? Біздер де сіздер сияқты адамбыз, пендеміз. Денсаулығымызды жақсарту үшін  не істеуіміз керек? Біз де жаңа Қазақстанда ел қатарлы жағдайы бар ауылда өмір сүргіміз келеді. Ендігі жерде бар үмітіміз сіздерде, журналистер!  

Ауыл халқының атынан – Балтакүл  Мырзахметова

Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы 
Алтынтөбе ауылы 

Пікір қалдырыңыз: