Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Әлеумет

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-09-03 14:15:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 360


Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Шымкент қаласындағы өңірлік коммуникациялар алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024-жылғы қыркүйектегі Жолдауы барысында берілген тапсырмалардың орындалуына қатысты брифинг болып өтті. Қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Құранбек бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер берді.

 3300 жұмыс орны ұсынылған

«Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған 2025-жылдың ақпан айында Шымкентте «Еңбек адамы – елдің байлығы» атты және маусым айында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген. Бұл жәрмеңкелерде қаладағы 160-тан аса ірі, орта, кіші кәсіпорын мен 227 мекеме бірнеше жүздеген тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ұсынған. Ұсынылған жұмыс орындарының жалпы саны тиісінше – 1800 және 1500.

Жәрмеңкеге негізінен жоғары оқу орындарының, арнаулы орта кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері, 9-11-сынып оқушылары және жұмыс іздеген адамдар қатысқан. Тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау іске асырылған. Сондай-ақ пробацияда тіркеуде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 29 адам тұрақты жұмысқа жіберілген. Еңбек мобильділігі орталығынан 2025-жылға 130 іс-шаралар жоспары бекітілген.


Дүйсен Ораз.

 


Пікір қалдырыңыз: