Әділ жаза ма?

Құқық

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-09-18 14:55:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 238


Әділ жаза ма?

·        Ел құлағы елу...


Шымкентте судья мен аудандық полиция бастығының көктемде басталған текетіресіне әл-әзір нүкте қойылмай тұрған сияқты. Бұл оқиғаға көпшіліктің де берер бағасы әртүрлі. Бірі «дұрыс, заң алдында бәрі бірдей, заңды бұзған екен жауап берсін» десе, енді бірі «қыр соңына түсіп алса, судья «кек алуды» мақсат тұтып тұрған сияқты» дейді.

Мәселенің мән-жайын баяндар болсақ, былай ғой...

8-наурыз мерекесі күні Шымкент көшелерінің бірінде екі көлік соғысып, жол-көлік апаты орын алады. Оқиғаға Lexus LX 570 көлігін тізгіндеген жүргізуші кінәлі деп танылады. Ол Түркістан облысының таулы аудандарының бірінде полиция бөлімінің басшысы. «Анамды мерекемен құттықтау үшін кетіп бара жатыр едім», дейді ол.

 Көлік апатынан зардап шеккен екінші Hyundai Tucson көлігінде кім болған дейсіз ғой? Шымкент қалалық сотының судьясы.

Қос көлікке де орасан зор зақым келген. Судья жеңіл жарақаттар алған. Әрине, зайырлы мемлекетте кез-келген қылмыс, тәртіпсіздік үшін кім болса да заң алдында жауап беруге тиісті. Сондықтан да дәл осы көлік апатына кінәлі тарап, яғни аудандық полиция бөлімінің басшысына 157 мың теңге айыппұл салынады.

Бір қарағанда іс осымен аяқталуы тиіс сияқты. Алайда, қалалық сот судьясы  кінәлі тараптың «айыппұл төлеумен құтылып кетуі дұрыс емес» десе керек соттың шешіміне апелляциялық шағым түсіреді. Айтпақшы, судьяның «бауыры еліміздің әскери сотында лауазымды қызметте»  деген дерек бар. Әрине, бұл фактінің сот үкіміне анау айтты әсері болмауы әбден мүмкін, десе де жәбірленуші тарап-қалалық сот судьясының абыройы салмақты екенін әріптестері де мойындайды. Көлік апатына қатысты істі де жәбірленуші тарап қызмет атқаратын Шымкент қалалық соты қараған.

Ал апелляциялық шағымды қараған сот бұл жолы «қатал» шешім шығарады.
Полиция басшысын көлік жүргізу құқынан 6 айға айырады. Өз ауданында көше тұрмақ аумақтағы бүкіл тыныштыққа жауапты полицей қазір қызметінен кеткен. Полиция басшысы емес. Бірақ, ішкі істер органынан кете қоймаған сияқты...


(сурет интернеттен алынған)

 

 


Пікір қалдырыңыз: