Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-10-01 10:15:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 63
Жасы 70-тен асқан қарияларға. Шымкентте қарттар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен қарияларға арналған «Шымқала-Қамқор» әлеуметтік жобасы іске қосылған. Жоба аясында қарттарға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені, саяси қуғын-сүргін құрбандары, «Сайрам», «Ерлік» музейлері, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, әзіл-сықақ жән сатира, қуыршақ, опера және балет, Жастар театры сияқты мәдениет, өнер ордаларына, хайуанаттар бағына және спорт кешендері мен бассейндерге кіру тегін. Сондай-ақ олар «Ордабасы» футбол клубының ойындарын да тегін тамашалай алады. Оларға Орталық саябақта шахмат ойнап, уақытын тиімді әрі жайлы өткізуге де жағдай жасалған. Қариялар үшін Белсенді ұзақ өмір орталығы ашылған, онда тұзды шахта, йога, қолөнер, би, музыка сияқты барлығы 34 әлеуметтік қызмет түрі тегін көрсетіледі.
90 мыңнан астам зейнеткері бар Шымкент – «Шымқала-Қамқор» әлеуметтік жобасын жүзеге асырған және зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетіп отырған алғашқы қала. Өзге өңірлер Шымкенттен үлгі алуда.