Қазан айында: ЖЕЛДІ КҮНДЕР ЖИІЛЕЙДІ

Әлеумет

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-09-30 17:25:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 35


Қазан айында: ЖЕЛДІ КҮНДЕР ЖИІЛЕЙДІ


         Қазан айының басында күн суытып, жаңбыр жаууы жұртқа «қыстың қыр астында екенін» бір сезіндіріп қойды. Ал алдағы ауа райы қандай болмақ? Бұл жөнінде «Қазгидрометтің» болжамы мынадай: жаңбыр екінші онкүндіктің ортасына қарай жауады деп болжанған. Онкүндік соңына қарай таулы аудандарда жаңбыр, жылбысқы қар жауады. Жаңбыр, сондай-ақ, үшінші онкүндіктің басында және ортасында жауады деп күтіледі. Ай соңында таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауады. Жалпы, жауын-шашынның айлық мөлшері Оңтүстік өңірдің басым бөлігінде осы айға тән қалыпты шамада болады. Жаңбыр тек оңтүстік-шығыста және таулы аймақтарда жиірек жауады.

Бұл айда қуаты секундына 15-20 метрге жететін жел жиірек көтеріледі. Бірінші онкүндіктің бірқатар күндері, екінші онкүндіктің ортасы және үшінші онкүндік толығымен дерлік желді күндерімен ерекшеленбек. Үшінші онкүндіктің басында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Қазан айындағы орташа ауа температурасы +7,5+15 градус аралығын құрайды деп болжанған. Өңірдің теріскей аумағында ол қалыпты шамамен деңгейлес, ал басқа аумақтарында қалыптағыдан 1 градус жоғары болады.

Негізі айдың бірінші және екінші онкүндіктердегі ауа температурасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ: түнде +3+8 градустан +10+15 градусқа дейін, күндіз +15+20 градустан +22+27 градусқа дейін сақталады. Таулы аудандардағы температура түнде -1 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +10 градустан +17 градусқа дейін ауытқиды деп күтіледі.

Ал үшінші онкүндік басында температура түнде +10+15 градусқа дейін жоғарылайды. Күндізгі температура +22+27 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аудандардағы температура түнде +3+8, күндіз +17 градусқа дейін болады. Бұдан кейін күн райы біршама суытады. Түнгі температура -1-6 градусқа дейін төмендейді. Күнгей бағыттағы аумақтарда +16 градус болады, таулы аудандарда +3 градусқа дейін төмендейді. Ай соңында ауа температурасы түнде +3+8 градустан -1-6 градусқа дейін ауытқиды. Күндізгі температура +15+20 градустан +8+13 градусқа дейін төмендейді.

«Синоптиктердің» Оңтүстіктегі ауа райына қатысты болжамы осындай. Бұл – қазан айына алдын-ала жасалған ұзақмерзімдік болжам. Ауа құбылыстарына қарай біршама ауытқулар орын алып жатса, оған таңданбаспыз. Өйткені қазір күздің екінші айы, сондықтан ауа райына мән беріп, маусым ерекшелігіне сай киініп жүрген дұрыс болмақ.

Д. НҰРПЕЙІС.

    


Пікір қалдырыңыз: