Шымкентке Иран компаниялары келеді

Әлеумет

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-10-08 12:15:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 64


Шымкентке Иран компаниялары келеді


Шымкенттегі әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтату мақсатында әкімдік ірі сауда желілерімен және өндірушілермен келісім-шартқа отырған. Осы келісімдер негізінде қалада «Грамад», «Магнум», «Маркет» сынды сауда желілері мен шаруа қожалықтарына тиесілі әлеуметтік сауда нүктелері жұмыс істеуде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша олардың қатарын ұлғайту мақсатында «Бақша» деп аталатын 14 сауда нүктесі іске қосылған, тағы да бірнешеуін орнату жұмыстары жүргізілгелі жатыр. Бұл әлеуметтік сауда нүктелерінде бірінші қажеттіліктегі  тауарлар нарықтан төмен бағамен сатылатын болады.

Бүгінде қаланың 6 нүктесінде азық-түлік жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Аптасына 150 тоннаға жуық тауарлар нарықтан 10-15 пайызға  төмен бағада сатылуда. Қалалықтардан бөлек, Түркістан, Жамбыл облыстарынан да кәсіпкерлер келіп өз өнімін ұсынатын бұл жәрмеңкелер мына мекенжайларда өткізіледі: Әр жұма сайын «ШымСити» шағынауданындағы №25 көпқабатты үйдің алдында, сенбі күндері  «Тұран-2» шағынауданындағы №43 көпқабатты үйдің қарсы бетінде,  Қажымұқан атындағы стадион аумағында, ал жексенбі күндері «Тұран» шағынауданындағы «Жарқынтау» сауда үйінің алдындағы автотұрақ пен «Астана» шағынауданындағы №74, 77 көпқабатты үйлердің артындағы автотұрақ аумағында өтеді.

Сондай-ақ баға динамикасын төмендету мақсатында ірі сауда желілерімен меморандумдар түзілген. Оның аясында республикалық акция ұйымдастырылуда. 12-15-қазан аралығында Көрме орталығында Иранның түрлі салалардағы жетекші компаниялары мен өзіміздің отандық компаниялар қатысатын кең ауқымды көрме өтеді.
Дүйсен ОРАЗ


Пікір қалдырыңыз: