Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-10-08 12:45:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 57
2019 – 2025-жылдар аралығында жұмыс істеп жүрген шымкенттік
жастарға барлығы 3849 пәтер сатып алу құқынсыз 5 жыл мерзімге берілген.
2025-жылдың қаңтар айында 890 қатысушының жалға алу мерзімі аяқталған. Осыған
орай Шымкент әкімдігі және «Отбасы Банк» АҚ арасында түзілген «Қамқор» өңірлік
бағдарламасы аясында 20,2 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінге дейін оның 8,4
миллиард теңгесі игерілген. 7-қазан күнгі жағдай бойынша 429 азамат несиемен қамтылып, оларға пәтерлер
ұсынылған. Банк тарапынан 189 азаматқа несие беруден бас тартылған. 112-сі төлем
қабілеті жеткіліксіз деп танылған. Табысы жоқ, несие тарихы нашар 77 азамат бар.
229 азамат әзірге банкке өтініш бермеген. Соның ішінде 45-інің әр кезеңдерде
басқа бағдарламалар бойынша пәтер алып қойғаны белгілі болған. Осындай пәтер
алғандар мен бағдарламаның шартын бұзғандардан барлығы 451 пәтер сот арқылы коммуналдық меншікке қайтарылған.
Дүйсен ОРАЗ