Шымкентте апта сайын сенбілік

Мәселе

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-10-10 09:15:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 62


Шымкентте апта сайын сенбілік

Бірақ одан мегаполис тап-таза боп кеткен жоқ. Әлі де болса көшеге бей-берекет қоқыс тастайтындар азаймай отыр. Соңғы тоғыз айда қалада 27 мың тонна қоқыс сыртқа шығарылған. Бұл жайлы қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында айтты.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша Шымкентте әр апта сайын сенбілік ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері ол сенбіліктерге барлығы 643 мыңға жуық адам, 2580 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 720 әлеуметтік нысан, 10 850 техника жұмылдырылған. Осы сенбіліктер барысында барлығы 27 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылған. Акция аясында 25 мыңға жуық ағаш отырғызылған. «Астана», «ШымСити» шағынаудандарындағы жаңадан пайда болған басты көшелерде жыл соңына дейін ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Көпқабатты тұрғын үй аулаларына шамамен 10 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады деген жоспар бар. Акция барысында қала аумағындағы жалпы көлемі 400 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 11,4 мың шаршы метр аумақта көгалдандыру жұмыстары  жүзеге асырылады. Қала тұрғындарының демалысы мен уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау мақсатында «Тұран-2» шағынауданында 1 саябақ және қаладағы тағы  да бірнеше көше мен тұрғын үй аулаларында, «ШымСити» шағынауданындағы Есім хан көшесінің бойында – барлығы 5 саябақтың құрылысы жалғасуда. 6 саябақта балалар ойын алаңдары салынып, халық игілігіне тапсырылған.
Дүйсен ОРАЗ


Пікір қалдырыңыз: