Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-10-10 10:45:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 57
Шымкентте түрлі себептермен пәтеріне басы артық бірнеше
бөтен адамды тіркеуге тұрғызатындар бар. Қалада осындай пәтерлерді
анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде «резеңке пәтерлер» бойынша
қала әкімдігінде әрқайсысында 20-дан астам, барлығы 160 адам тіркелген 8 мекенжайдың
тізімі алынған. Олардың 3-еуі жатақхана болып шыққан, ал 5 үй мен пәтерде артық
адамдар тіркелген. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Құранбек
Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті
баспасөз мәслихатында баянадады.
Әлгіндей үй иелеріне заңнамаға сәйкес
әкімшілік хаттама толтырылып, нақты мекенжайы бойынша тұрмайтын азаматтар
тіркеуден шығарылған. Яғни балабақша, қосымша білім бойынша ваучерлік жүйеге
көшкеннен кейін және тағы да басқа жайларға орай қалада тіркеуде жоқ кей
азаматтар сол үйлерге тіркелген болуы мүмкін.
Дүйсен ОРАЗ