Түркістан облысындағы Отырар ауданының бір кездері басшысы болған Қанжігіт Сыздық әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына қалдырған жазбасында айтылатын ой осы сұраққа жауап беретіндей. Ол фейсбуг желісіне былай деп жазды:
Әлеуметтік желіде Отырар ауданында “Ақ-Дала” мақта мейрамы өтті деп жазып жатыр. Облыс әкімінен бастап беліне фартук байлап мақта тергенін көрсетуде.
Бұл Отырар ауданының 32 мың га жайылымдық (көп жылдық табиғи өсімдікті құртып) жерлерін шаруалардан мемлекетке деп алып қытай компаниясы еккен мақтаны жинау науқаны. Арыс ауданында қанша еккенін білмедім.
Қызық: Мына жиында мақтаны еккен қытайлар көрінбеді. Олардың науқаннан қолы тиейді, данғаза қазақ той тойлайды.
Рас, алқапта мақта өте жақсы шыққан, өнімі жоғары, оны өңдеу, суару, жинау бәрі соңғы технологиямен жарақталған. Ең негізгісі оларға жерді де, суды да, светті де үкімет шешіп берді.
"Осы шаруаны қытайларға бермей ақ сол жердің иелері бірігіп жасай ала ма? Не кедергі, қолдарынан келмей ме деп жазып жатыр". Иә, өте орында сұрақ. Мәселені білгенімше түсінікті етіп жазайын...
Біріншіден: Осыны ұйымдастырып істеймін деген өзіміздің азамат болса атқарушы билік тарапынан қытайларға жасаған қамқорлық жасала қоймайды. Бәрі жемқорлық пен әкімшілік кедергінің әсері…
Екіншіден: жер жайылымдық, оны егістік жерге айналдыру жолы өте қиын. Оны жер мамандары түсіндіре жатар.
Үшіншіден: шаруа жасаушыға мемлекет дұрыстап несие бермейді, кедергі де, құжаты да шаш етектен...
Төртіншіден: қажетті техника, ұрық, химикат пен тыңайтқыш, тамшылатып суару құралдары, насостар т.б тиімді жолмен алу қазақ үшін оңды шешілмеген.
Бесіншіден: Осынша көлемде еккен егіске Сырдарияның суына төменде Қызылорданың күріші бар деп рұқсат бермейді. Салдарынан отырарлықтардың ежелден егіп келген суармалы егісіне үнемі жазда су жетпеді.
Алтыншыдан: жинаған өнімді өткізетін орын шешілмеген, елімізде оны өңдеп өнім шығаратын кісіпорын (бұрын болған) жоқ.
Қытайлар бізде жіп дайындап оны еліне өнім шығару үшін алып кетелді. Яғни біздің экономикаға тиімсіз.
Облыстағы байырғы дихандар өнімін сататын орын таппай мақта зауыт басшылары не дейді деп соларға тәуелді.
Осындай оралымсыздықтан жергілікті шаруалар бірігіп іс жасауға құлқы жоқ, меселі әбден қайтқан. Билікке сенім аз, сондықтан бүгінде иелігіндегі бар жерін өзге кәсіпкерге (қытайларға) беріп қазір жерсіз отыр.
Ұсыныс: Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге берілетін несие, субсидия шаруаға делдалсыз берілуі керек. Ең алдымен мемлекеттік қолдауды “азық-түлік” өнімін өндірушілерге жасау керек.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қайтарымы баяу, өте аз пайызды несиені ұзақ мерзімге беру жолын шешкені жөн.
Үкімет ауыл шаруашылығына түбегейлі бетбұрыс жасамаса қазіргі жағдайда оның дамуынан гөрі кері кетіп, құлдырауы басым.
Түкке пайдасыз Астанадағы Агро құрылымның бәрін тарату керек.
Қанжігіт СЫЗДЫҚ
(Суреттер Түркістан облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынды-ред.)