Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-10-23 15:45:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 83
Егемен есімді бірнеше бала бар. Қазақстанның тәуелсіздігін зор қуанышпен қарсы алған қазақ елінде немересіне, баласына ырым етіп осы атты бергендердің тілеуі – егемндіктің мәңгілік болуға саятыны анық.
–Ата-аналар
көбіне өздері үлгі тұтатын тұлғаларға немесе ел тарихындағы маңызды
оқиғаларға байланысты есімдерді таңдайды. Кейде есім белгілі бір
мерекеге құрмет ретінде қойылады. Мысалы, Республика күніне орай
балаларға Қазақстан деген есім беріледі, – деді мемлекеттік
корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиал директорының орынбасары
Жомарт Умбеталиев.
Республика күні қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы жаңа туған сәбилерге қойылатын есімдерге қатысты қызықты деректермен бөлісті.
Филиалдың мәліметінше, өткен жылы кейбір ата-аналар өз балаларына еліміздің мемлекеттік мерекелері мен тарихи оқиғаларға байланысты есімдер берген.
Айта кетейік, туу туралы куәлікті алу үшін өтінішті тек дәстүрлі түрде ХҚКО арқылы ғана емес, онлайн да беруге болады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласында 23 мыңнан астам ата-ана туу туралы куәлік ресімдеген.