Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-11-27 10:15:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 107
Гонконгтағы көпқабатты үйлер кешенінде болған алапат өрттен 700 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, уақытша баспаналарға жайғастырылуда. 45 адам түрлі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Көбінің жағдайы ауыр. Ал 44 адамның тірідей жанып кеткен мәйіті табылды. Бұдан бөлек «Осы үй кешенінде болуы керек» деген 300 адамның қайда кеткені белгісіз. Олар табылмай жатыр.
Өрт Тай По ауданында орналасқан 8 блокты «Ван Фук» тұрғын үй кешенінде болды. Мұнда 2 мың пәтер бар. Тұрғындар саны – 4 мыңға жуық.
Өрт сөндіру жұмыстарының жүргеніне 15 сағаттан асты.
Өрт сөндіруші мамандар анықтағанындай тұрғын үй ғимараттарының сыртқы қабырғалары қорғаныш торларымен, мембраналармен, су өткізбейтін брезентпен және пластик парақтарымен қапталған. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін мұндай құрылыс жұмыстарын кім, қашан жүргізгенін анықтауға кіріскен полиция тұрғын үйлердің әрбір қабаттағы лифт холының терезелері көбік материалмен қапталғанын да анықтаған. Жедел әрекет ету нәтижесінде құқыққоорғаушылар адам өліміне себепші болды деген айыппен әзірге 3 адамды қамауға алды. Оның екеуі құрылыс фирмасының директорлары, біреуі инженер-кеңесші.
Өрт неден шықты? Себеп салдары анықталып жатқан іс
бойынша жергілікті полиция кешен ішінде полистирол тақташа, бұғатталатын
терезелер болғанын алға тартуда. Салдарынан өрт тұтас үйді шарпып ала жөнелген.
Тұрғын үй кешенінен көрші блоктағы үйлерге оттың лезде тарауына бамбук ағаштары
әсер етуі мүмкін деген болжам бар.
Тұрғын үй кешеніндегі өрт әлі толық сөндірілген жоқ. Әр тұстан бықсыған қою түтін көрінуде.