Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-12-16 12:45:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 24
Қалай болған күнде де тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан «Kerege Busines», «Sofia», «Алпамыс», «Гранд Алатау», «Parasat Residence» секілді тұрғын үй кешендерін салып жатқан компанияларға заңды өрескел бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұдан бөлек, Шымкентте тұрғындардың шағымы негізінде 25 құрылыс нысаны бойынша сотқа арыз жолданған. Оның 11-і қанағаттандырылған, 2-і қанағаттандырусыз қалдырылған. Ал 12 арыз қаралып жатыр екен.
Осы секілді 100-ден астам нысан құрылысын тиісті компаниялар құжаттарын толық рәсімдемей жатып құрылысты бастап кеткені үшін жазалануда. Оларға 70 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Мұны Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары анықтаған. Жыл басынан бері үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзған 15 тұрғын үй кешені анықталыпты, оларға салынған айыппұлдың 7 миллион теңгеден астамы өндірілген.
— Бүгінгі таңда Шымкентте заңсыз салынған құрылыстарды бұзу жұмыстары жүруде. Мәселен, «REAL PACK», «Кей-Парк» ЖШС-ы мен «Жастар» Оңтүстік Қазақстан облыстық дене-шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігіне тиесілі құрылыс нысандарын бұзу туралы талап арыз сот шешімімен қанағаттандырылды. Аталған құрылыс нысандарын бұзу жұмыстары аяқталды, — дейді басқарма басшысының орынбасары Алдияр Мұсабаев.