Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-12-17 14:45:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 27
Қазір, әсіресе, қалада тұратындарының көбі мереке күндері ғана емес жәй күндері де түскі, кешкі тамақты кафе, мейрамханалардан ішуді әдетке айналдыруда. Бұл үрдіс жастар қауымында белең алған. Мұны олар «үйге азық-түлік сатып алып, оны пісіріп, дайындап ішуге соғұрлым ақша кетеді, уақыт жоғалтасың, энергия жұмсайсың» деп түсіндіреді.
Кейінгі жылдары салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер де осы үрдіске лайықталған. Пәтерлердің көбі «студия кухня» стилінде. Бұл дегеніңіз ас дайындайтын бөлме мен демалатын бөлме арасында қабырға жоқ. Яғни, майдың иісін шығарып, еттің буын бұрқыратып тамақ істейтіндер азайған. «Студия кухня» тек жеңіл-желпі жылытып жей салатын, шәй ішуге ғана ыңғайланған пәтер.
Дәл осылай тамақтанудың зияны орасан екен. Мұны еліміздегі урология ғылыми орталығының мамандары айтып, дабыл қағуда. «Біз үйде тамақтану мәдениетінен айырылып барамыз. Бүйрекке тас байлану дертінің басты себебі – дұрыс тамақтанбаудан. Тамақты асықпай, әбден буға, суға қайнатып тұтынбаудан» деген олар мынадай мәліметтерді алға тартады. Ел тұрғындарының 100 мың адамға шаққанда 76 пайызының бүйрегінде тас бар екен. Урологиялық аурулардың арасында ең көп таралған дерт осы.
1988 жылдан 2023 жылға дейін бүйректің осы ауруының көрсеткіші 60 пайызға өскен. Ота жасалған соң да бұл ауру қайталануы мүмкін.
Бүйрегі ауыратын адамдар су, тамақ, дәрі-дәрмек режимін қатаң сақтап өмір сүруі керек.