Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-12-29 16:19:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 4
ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Жылқы жылынан аталарымыз
мол үміт күткен. Бұл жыл шаруашылыққа қолайлы, тұрмыс-тіршілікке жайлы,
молшылығымен ерекшеленетін мамыражай жыл болады деп пайымдаған. Жылқы иесіне
берілген, адал, сенімді, қысы-жазы өз аяғымен жайылатын төзімді, адамға
көтеріңкі көңіл-күй, батылдық сыйлайтын ерекшелігі бар, өнімдері күш-қуат беретін
сіңімді болғандықтан оның атын иемденген жылдан тек қана жақсылықтар күткен.
Бүгінде жұлдызшылардың
түрлі болжам-жорамалдары жарияланып жатыр. Солардан оқып, көңілге түйгеніміз –
алдағы келер Жылқы жылы қоғамда ғана емес, жеке адамдар өмірінде де мол
өзгерістер орын алатын жыл болмақ. Күрделі істерді қолға аларда адамның батылдығы,
тәуекелшілдігі артады. «Жылқы малы еркіндікті сүйетіндіктен бұл жыл иесі
адамдарға еркіндік, белсенділік сыйлайды» дейді олар. Яғни жұрттың бойында тың
өзгерістерге деген құштарлық, ұмтылыстар артпақ. Адамның әр нәрсеге
қызығушылығы, шабыты еселенеді, мақсаттары айқындала түседі, ол қандай да бір
шешім жасарда батылырақ болады, тек нық басып, мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана
білу керек. Өмірде, іс-әрекетте көптеген маңызды өзгерістер жасауға, жаңа
жобалар мен жоспарлар түзуге болады, оларды ретімен жүзеге асырып отыру керек. Білімді
тереңдетуге, біліктілікті арттыруға, тіл, өнер үйренуге, жақсы әдет пен
дағдылар қалыптастыруға, мансап өсіруге қолайлы жыл. Жыл адамға мол қуат
сыйлайды, соны тиімді пайдалана білу керек.
Жыл иесі үнемі
қимыл-қозғалыс үстінде болатындықтан бұл жыл адамдарда іс-әрекетте белсенділік
артуымен ерекшеленеді. Дегенмен өз күш-қуатын дұрыс жұмсай білу маңызды.
Өйткені жыл эмоциялық жағынан да ерекше болады. Шабыт, ынта, ұмтылыс пен оған
қажетті күш-қуатты жұмсауда ішкі тепе-теңдікті бұзып алмау керек. Әйтпесе
көңіл-күй тұрақсыздығы, күйзеліс орын алуы мүмкін. Денсаулыққа, психологиялық
қалыпқа мән беріп, қамқор болу қажет. Күшті артық жұмсамаған жөн. Ортаны
өзгертіп, серуенге, саяхатқа шығып тұрған жақсы, ол адамның танымдық көзқарасы
артуына, өмірге қызығуына молынан ықпал етеді.