Шымкентте құрылыстың сапасын қадағалайтын адам бар ма?

Мәселе

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-12-29 09:55:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 38


Шымкентте құрылыстың сапасын қадағалайтын адам бар ма?

Айтайын дегенім, мемлекеттік түрлі бағдарламалармен және алпауыт құрылыс компаниялары көпқабатты үйлер салып баспанасыз жүргендерге ұсынуда. Әрине удай ақыға. Қолы жетпейтіндер үйлі болу үшін үйіп-төгіп уәде беретін банктерден кредит алып, алғашқы жарнасын салып, ипотека рәсімдеп алуға тырысады. Бірақ сол үйлердің сапасы қандай? Оны қадағалайтын біздің елде маман бар ма?

Күйініп отырғаным, немере інім қаладан үй алды. Ипатекаға. Пәленбай жыл банкке ай сайын төлеп отыратын төлемі бар. Үш бөлмелі пәтерге анау айтты жөндеу де жүргізбеді. Тезірек жалдамалы пәтерден құтылу үшін улап-шулап бала шағасымен көшіп барды. Туыс боп құтты болсын айтып барсақ, әлі пәтердің төбесі қисық. Едені де бір жағына қарай қисайған. Ас үйге орнатқан жиһаз қисайған еденнің салдарынан «аяғы» жерге тимей тұр. Бұл қалай болғаны? Сөйтсек, тұрғын үй құрылысын жүргізу барып тұрған батпан құйрық екен ғой. «Заказчик» мысалы үшін бір үйді салу үшін құрылысты 100 миллиардқа алады делік. Сосын пайдасын алып қалып генподрядка береді, генподряд пайдасын алып қалып субподрядка береді. Субподряд ең арзан тиімді «поставщик монтажниктерді» іздейді пайда көру үшін. Ал олар ең арзан материал іздейді өздері де пайда көру үшін. Осылайша сапасы ең арзан, бірақ сырты ең әдемі үйлер салынып жатыр екен. 

Ал «технадзор мен авторский надзорға» қабылдайтын құрылыс бөлімдерінің бәріне «сұрағандарын» береді екен де олардың ауызы жабылады білем. Бұл қитұрқылықтың соңын тауып болайды екенсің...

Елді осылай алдауға бола ма? Тегін беріп жатқан үй болса бір сәрі, талай жыл жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп титықталғандар амал жоқ, «осыған да шүкір» деп өмір сүретін көрінеді. Осы мәселені Үкіметтің құлағына жеткізсеңдер екен.

Айдархан Бөрібекұлы,

Жетісай қаласы

 


Пікір қалдырыңыз: