БАҚЫТ АСАНОВ: «109» БІРІҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУЫ КЕРЕК

Саясат Cricket

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-10-08 13:45:00 | Соңғы рет жаңартылған уақыты: admin on

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 14


БАҚЫТ АСАНОВ: «109» БІРІҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУЫ КЕРЕК


 Түркістан облысында 2022 жылы іске қосылған «109» біріңғай байланыс орталығы тұрғындарға әкімдік жұмысы бойынша сұрақтарын қойып, өтініштер мен шағымдар беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Аталған орталық Мақтаарал ауданының тұрғындарына жергілікті билікпен тікелей байланыс орнатуға көмектесіп келеді. Алайда, орталықтың жұмысы әлі де халық арасында кеңінен насихатталуы қажет екендігі белгілі болды.

 

Жақында Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының мәжілісінде «109» байланыс орталығының жұмысы талқыланды. Жиынды аудан әкімі Бақыт Асанов басқарып, аудан әкімінің орынбасарлары мен басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Мәжіліс барысында аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы Д.Аязбеков орталықтың қызметі туралы баяндады. Ол 2024 жылдың басынан бері аудан бойынша 386 өтініш қабылданғанын және олардың басым көпшілігінің уақытылы жабылғанын атап өтті. 15 өтініш мерзімінен кеш жабылса, 1 өтініш әлі де орындалу үстінде.

 

Аудан тұрғындарының өтініштері негізінен электр энергиясы, жол инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, газбен қамту, ауыз су мәселелері, көше жарықтары және білім саласына қатысты болған. Ең көп сұрақтар электр энергиясына (74 өтініш), жол инфрақұрылымына (19 өтініш) және денсаулық сақтау саласына (17 өтініш) байланысты түскен. Мерзімінен кеш жабылған өтініштер аудандық электр желісі мекемесіне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне және басқа да жергілікті мекемелерге қатысты болды.

 

Алайда, облыс бойынша «109» байланыс орталығына түсетін қоңыраулар саны бойынша Мақтаарал ауданы соңғы орында тұр. Бұл мәселе облыс әкімдігімен өткен жиында талқыланып, орталықтың жұмысын халық арасында кеңінен насихаттау қажеттігі айтылды. Аудан басшысы Бақыт Асанов тұрғындарға орталықтың қызметі туралы ақпарат тарату жұмыстарын күшейтуге шақырды. Бұл мақсатта плакаттар, билбордтар орнатылып, әлеуметтік желілерде материалдар жарияланғанымен, әлі де ақпараттандыру жұмыстары жетілдіруді қажет етеді.

 

Аудан әкімінің айтуынша, «109» орталығының тұрғындар үшін маңызы зор, себебі ол олардың мәселелерін жедел шешуге және мемлекеттік органдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Орталық жұмысы арқылы тұрғындар әкімдікке өз шағымдары мен ұсыныстарын жеткізіп, тиісті жауаптарын ала алады.

2091 (4)

Пікір қалдырыңыз: