Жариялаған: admin | Уақыты: 2026-04-23 16:38:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 16
Памперс жиіркену сезімін жояды
Бесіктің қасиеті – тазалықты таныту екенін әрбір ана
білетіні, әрине, шүбәсіз. Қазіргі қолданып жүрген жөргектің (памперс) зияны туралы ғалымдар айтып-ақ берген. Ал
әжелеріміз не дейді, ол туралы тыңдайсыз ба?
Хадуба деген әжеміз бар, балаға қатысты айтарын дәлелмен
айтады. «Памперс баланың жиіркену
сезімін жояды. Бала өз боғынан
жиіркенбей өссе бойындағы тітіркену
сезімдерін жоғалтады», - дейді ол кісі.
Біздің қоғам
еуропашыл болып алғалы
ата-бабаның бұрынғыдан бүгінгіге жеткен ой-толғамдары теңіз түбіне батқандай жоғалып барады, есесіне батысшыл батпақтан
көрінбейді. Ғылымға келгенде шетел ғалымдарынан ғаламат жаңалық іздейміз. Жан-дүниемізге
етене жақын қазақ ұлтының әрбір отбасында
ғалым баба, әже, апа барын
бағалай алмай жүріп дүниені шарлап дүбәра оқымысты болғысы келетін ұрпақ болмысы қалыптасуда.
Төрт-ақ кластық білімі бар анам марқұм көрсеткен
үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие өміріме үлкен сабақ болғанын сәт сайын жадымда
жаңғыртып тұрамын. Шай үстіндегі әңгімені де
сәбиі бар үйде абайлап айту керек екенін осы Хадуба әжеден естідім. Бала
– сезімтал, «пәленше жолға шықты, үйге
келеді» десеңіз, балаға қонақтың қамшысы
тиіп мазасызданады екен.
Балаға жастайынан ненің ұят екенін үйрету үшін «кәкәй»
деген сөзді қолданбайтын ата-әже бар ма екен? «Кәкәйінің» үстінде отырып каша
жейтін балаға не үйретеміз?
Ақмарал Леубаева,
Шымкент қаласы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр
орталығының аға ғылыми қызметкері.