Шардара әкімінің назарына – 6 мәселе...

Мәселе

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-10-01 10:15:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 20


 Шардара әкімінің назарына – 6 мәселе...

 27 қыркүйекте Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев алдын ала бекітілген кестеге сай жеке өтінішпен қабылдауға жазылған аудан тұрғындарын қабылдады. Қырыққа жуық адам жазылған екен. Аймақ басшысы 4-5 сағат бойы тапжылмай отырып, келушілердің арыз-шағым, өтініштерін тыңдады. Сол қабылдауға мен де жазылған едім...

Бірінші - ауылдағы лотоктан су бұратын құлақ ашып беруді сұрадым. Екінші - оны ашқаннан кейін ұдайы бақылап отыратын адам керек. Жалақысыз ешкім жұмыс істемейді, сол себепті штат бірлігін ашып беруін сұрадым. Үшінші - «Энергия жетіспейді, АЭС салу керек» дейсіздер, бізде энергия жетеді. Ол үшін ұрлықты тоқтату керек. Ауылдар мен қаладағы дүкендер, тойханалар, кәсіпорындар қанша ақша төлеп отыр, тексеріңіздер! Олар керегінше пайдаланады да есептегіш бұзылды деп, айыппұл төлей салады. Бақылау жоқ екенін ескерттім. Төртінші - Ақалтын-Егізқұм-Достық ауылына қойылған «Газельге» Қызылқұм мен Сүткент ауылдарының адамдары симай қалады. Жүргізуші жолаушыларды түсіріп кеткен кездері жиі кездеседі. Сол себепті бізге де бір бағыт ашып, жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік қойылу керек.

Қызылқұмда мақта қабылдайтын зауыт бар. Одан шыққан шаң бүкіл ауылды басады. Осы жайында экологтарға ескерту керек. Алтыншы мәселе -  ауылдың ішкі көшелерінде жол сапасы нашар. Тіпті ауруханаға баратын жолда көліктер лайға батып қалатын кездер болады.

Арман Романұлы айтқан мәселемнің барлығын мұқият тыңдап, тиісті мамандарға тапсырма берді. Тіпті уақыттарын да белгілеп, орындалуы жеке бақылауында болатынын айтқан аудан әкіміне риза болдым. Енді аталған мәселелердің уақтылы орындалуын күтеміз.

Қ. Момбеков,

Қызылқұм ауылы, Шардара ауданы.

Пікір қалдырыңыз: