Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-10-23 12:10:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 5
Мақтаарал ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында Түркістан облысының білім басқармасының бастамасымен «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты байқау өтті. Бұл шара аудандағы тәрбиешілердің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Фестивальдің аудандық кезеңі №7 «Шолпан» бөбекжай-балабақшасында ұйымдастырылды және 2024 жылғы 10 қазанда өтті.
Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған және ерекше номинациямен марапатталған тәрбиешілер анықталды. Олар:
1 дәрежелі диплом: «Үлгілі» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Туребекова Мөлдір;
2 дәрежелі диплом: «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Тайбекова Разия және «Ақберен» бөбекжай-балабақшасының ұжымы;
3 дәрежелі диплом: «Әсел» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Рысбаева Қарлығаш, «Шолпан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Токмаганбетова Айдана, «Жігер» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Момбекова Гулнара;
Шығармашыл педагог номинациясымен «Атамекен» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Байсеитова Аякөз марапатталды.
Айта кету керек, «Педагогикалық идеялар фестивалінің» басты мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, олардың педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру және қазіргі заманғы білім беру талаптарына сай жаңа идеяларды ұсыну болды. Байқау Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының 2024 жылғы 10 қазандағы №952 хаты негізінде ұйымдастырылды және оған Мақтаарал ауданындағы 13 мемлекеттік балабақша қатысты.
Педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасау;
Шығармашылыққа ынталандыру арқылы олардың жаңашылдыққа деген қызығушылығын арттыру;
Заманауи педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, оларды біріңғай ақпараттық білім кеңістігінде насихаттау;
Педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін және олардың шығармашылық әлеуетін анықтау.
Байқау барысында тәрбиешілер өздерінің сабақтарын ұсынды, және олардың жұмыстары арнайы бекітілген критерийлер бойынша бағаланды. Бұл критерийлерге:
Сабақтардың құндылыққа бағытталған тәсілі;
Педагогикалық жұмыстың өзіндік ерекшелігі;
Ұсынылған материалдардың білім беру бағдарламасының мазмұнымен сәйкестігі;
Педагогтардың сабағы балалардың даму деңгейіне сай, қызықты әрі мазмұнды болуына баса назар аударылды. Сонымен қатар, олардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану шеберлігі де назарға алынды. Бұл көрсеткіштер бүгінгі білім беру жүйесінде тәрбиешілерге қойылатын маңызды талаптардың бірі болып табылады.
Фестивальге қатысқан тәрбиешілер мен ұйымдар бұл байқаудың балаларды тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістер мен тәсілдерді қолдануда үлкен мүмкіндік бергенін атап өтті. Әсіресе, педагогтерге кәсіби өсуіне жағдай жасау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – білім беру саласында маңызды қадам болып табылады. Байқау жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру және тәжірибе алмасу алаңына айналды.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» тек педагогтердің ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуына да оң ықпалын тигізеді. Байқауға қатысқан тәрбиешілердің жоғары кәсіби шеберлігі мен инновациялық әдістерді қолдану дағдылары болашақта ауданның білім беру сапасын арттыруға септігін тигізетініне сенім мол.
Қорытындылай келе, бұл фестиваль – педагогтердің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және заманауи білім беру жүйесіне сай жаңа идеяларды енгізуге үлкен серпін беретін маңызды шара. Мақтаарал ауданының білім беру жүйесі мұндай бастамалар арқылы болашақта да өсіп-өркендей бермек.