Мереке күндері тамақтан улануып қалмаңыз!

Әлеумет

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-10-23 11:45:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 7


Мереке күндері тамақтан улануып қалмаңыз!

                                                        Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
           Мереке күндері алаңдарда, демалыс саябақтарында, көше бойларында тәтті мақта, қуырылған жүгері, құйылмалы квас, самса, бәліш, жұмсақ балмұздақ, корн-дог сатылымға шығады, белгіленген орны жоқ, рұқсат етілмеген сауда орындарынан адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін аталған тағам өнімдерін сатып алмаған жөн.
МАҢЫЗДЫ!
             Мереке күндері балалар, жасөспірімдер мен қарттар бірінші кезекте жұмсақ балмұздақ тұтынатынын және сапасыз болған жағдайда өнімнен улану және жіті ішек инфекциясын жұқтыруы мүкін екендігін ескере отырып,
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ЖҰМСАҚ БАЛМҰЗДАҚ ЖӘНЕ ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ТАҒАМДАРДЫ ДАЙЫНДАУМЕН, САТУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА ҰСЫНАДЫ:
     - тағам өнімдерін дайындауда қолданылатын өнімдердің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;
     - тағам өнімдерін дайындауға, сақтауға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы;
     - қызметкерлердің санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі және медициналық байқаудан өткендігі туралы кітапшаларының жұмыс орнында болуы;
     - нысанда жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға арналған жағдайдың болуы;
     - жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдарының болуына,  пайдалануына қойылатын талаптардың сақталуы қажет.

        Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау мереке күндерінде көпшіліктің тамақтан улануы мен жұқпалы аурулардың алдын алады.
        Ағзада улану мен инфекциялық аурулардың белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет!
Тұрымбетова Айгүл Мелесқызы - Шымкент қаласының СЭБД басшы орынбасары

Пікір қалдырыңыз: