Өңдеуші сала даму үстінде

Саясат

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-10-20 10:20:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 12


Өңдеуші сала даму үстінде

Мақтаарал ауданында кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларының дамыту, өндіріс саласын дамыту жұмыстарында қарқын бар. Оған 2024 жылдың алғашқы жартысында Мақтаарал ауданында кәсіпкерлік және өнеркәсіп салалары бойынша қол жеткізілген бірқатар жетістіктер негіз бола алады. Ауданның экономикалық көрсеткіштері, әсіресе кәсіпкерліктің дамуы мен өнеркәсіп өнімдерінің көлемі бойынша алға жылжуларды көрсетіп отыр.

2024 жылдың 6 айы ішінде Мақтаарал ауданында 13 541 кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Олардың ішінде:

Шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 523,

Дара кәсіпкерлер – 4779,

Шаруа қожалықтары – 8239.

Өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4,7 пайызға (618 бірлікке) артты. Бұл аудан экономикасында кәсіпкерліктің кеңейіп келе жатқанын және шағын бизнестің әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда, шаруа қожалықтары ауданның кәсіпкерлік құрылымында елеулі орын алып отыр.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2024 жылдың алғашқы 8 айының қорытындысымен 9,6 миллиард теңгені құрады. Алайда, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен. 2023 жылдың осы кезеңінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 15,1 миллиард теңгені құраған болатын. Биылғы жылы көрсеткіш 5,5 миллиард теңгеге аз орындалды, бұл өнеркәсіп саласында нақты индекстің көлемінің 88,4 пайызға төмендегенін көрсетеді.

Өңдеу өнеркәсібі де осындай төмендеу үрдісін көрсетіп отыр. 2024 жылдың 8 айы ішінде бұл сектордың өнім көлемі 7,3 миллиард теңгені құрады, ал нақты индекс көлемі 87,2 пайызға ғана жетті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12,9 миллиард теңгеге жеткен болатын. Демек, биылғы жылы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі айтарлықтай азайған.

Кәсіпкерлік саласының кеңеюіне қарамастан, өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі секторларындағы көрсеткіштердің төмендеуі аудан экономикасына әсер етуде. Бұл жағдай өнеркәсіп секторында тиімділікті арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында қосымша шараларды қажет етеді. Ауданда кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері оң динамика көрсетіп отырғанымен, өнеркәсіп саласында қолайсыз үрдістерді еңсеру үшін өңір басшылығының нақты шаралары қажет.

Пікір қалдырыңыз: