Ауыз сумен қамту жұмыстары жалғаса түседі

Әлеумет

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-10-10 15:45:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 12


Ауыз сумен қамту жұмыстары жалғаса түседі


 Мақтаарал ауданының ауыз сумен қамту жүйесі тұрғындардың өмір сапасын арттыруда және денсаулық сақтау саласында маңызды рөл атқарады. Аудан әкімшілігі мен жергілікті басқару органдарының тарапынан қабылданған шаралар нәтижесінде, аудан халқы орталықтандырылған ауыз сумен қамту мәселесін шешуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқаруда.

Аудан аумағында 69 елді мекен бар, олардың 67-сі (97,1%) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Халық саны бойынша бұл көрсеткіш 99,9%-ды құрайды. Алайда, Достық және Найман Бұхарбай елді мекендері әлі күнге дейін ауыз су жүйесіне қосылмаған, бұл мәселе тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді.

Бүгінде аудан бойынша 54 елді мекен тұрғындарына 24 сағат бойы, 13 елді мекен тұрғындарына кесте бойынша ауыз су беріледі. Бұл судың сапасын және тұрақтылығын арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Алайда, ауданның 10 елді мекенінде (Атакент, Жаңажол, Азаттық, Ақжол, Арайлы, Нұрлыжол, Өркениет, Игілік, Шаттық, Ақалтын) ауыз су жүйелері тозған, сондықтан оларды қайта құру жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, ауыз су құбыры жоқ 2 елді мекенге (Достық, Найман Бұқарбай) ауыз су құбырын тарту жоспарлануда.

2024 жылға арналған бюджетте осы жұмыстарды қаржыландыруға 115,3 млн. теңге бөлінді. Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары басталып, биылғы жылдың соңына дейін аяқталады. 2023 жылы осы мақсатқа 806,7 млн. теңге, ал 2024 жылы 89,6 млн. теңге бөлінген, жалпы құны 896,3 млн. теңге құрайды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 200,0 млн. теңге бөлініп, Атакент кентінің (2-бөлігі) және Өркениет ауылындағы су жүйелеріне қайта құру жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 3 532,1 млн. теңгені құрайды.

Достық ауылдық округіне қарасты Достық елді мекенінде су құбыры тарту жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылға жоспарланған қаржы 21,7 млн. теңгені құрайды, ал бұл жоба да биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, 2024 жылға жергілікті бюджеттен 131,0 млн. теңге бөлініп, 3 елді мекеннің (Жантақсай, Төрткүл, Нұрлытаң) ауыз су мұнараларын ауыстыру және 1 елді мекеннің (Нұрлытаң) су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

11.04.2024 жылы облыстық мәслихаттың сессиясында Ақжол, Арайлы, Игілік және Мырзакент кентіндегі ауыз су жүйелерін қайта құруға 4 млн. теңге бөлінді.

Мақтаарал ауданында орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, денсаулығын қорғау және тұрмыс сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Жергілікті билік органдарының қабылдаған шараларының арқасында, ауданның ауыз сумен қамту деңгейі артып, халықтың қажеттіліктері толық қамтамасыз етілуде.

Аудандағы сумен қамту жүйелерін қайта құру мен жаңарту жұмыстары тұрғындар үшін маңызды, әрі болашақта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

 

2500 (4)

Пікір қалдырыңыз: