Шаңнан шаршадық, денсаулығымызға да зиян

Мәселе

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-11-01 11:15:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 16


Шаңнан шаршадық,  денсаулығымызға да зиян

Менің айтпағым - Шардара ауданы Қызылқұм ауылындағы мақта қабылдау пунктіне қатысты. Ауыл тұрғындары негізінен мақта шаруашылығымен айналысады. Сол себепті ауылда арнайы мақта қабылдау пункті бар. Бұл жақсы, алайда жағымсыз тұстары да жоқ емес. Маусымында ауылымыз шаңнан көрінбей қалатын кездер болады.

Мақтаны алып келеді, оны қабығынан ажыратады, сосын 40-50 келіге толтырып, нығыздап бекітеді. Бұл жұмыстар кезінде ауаға шаң көтеріледі. Ол шаң бізге келеді. Сонымен демаламыз, жуылған киімдер кепкенше қайта кір-қожалақ болады. Осы олқылықты болдырмау үшін арнайы қондырғы орнату керектігі жайлы ауыл, аудан басшыларына жиі айтып жүрмін, бірақ тыңдар құлақ жоқ.

Көп жағдайда зауыттағылар шаңды түнде жібереді. Бәлкім ешкім байқамай қалар деп ойлайтын шығар. Бірақ байқамау мүмкін емес. Соңғы кездері ауылда тыныс алу жолдарынан зардап шегетін адамдар көбейді. Мен бұның себебін шаңнан деп ойлаймын. Сол себепті зауытқа шаңды сорып, залалсыздандыратын арнайы қондырғы орнатса деймін. Біз шаңнан шаршадық.

Қ.Момбеков,

Шардара ауданы. 

Пікір қалдырыңыз: