Баладан - иттің бәсі жоғары болып тұр...

Мәселе

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-11-24 11:45:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 118


 Баладан - иттің бәсі жоғары болып тұр...

Бүгінде бастауыш сынып оқушылары мемлекеттен бөлінетін қаржы есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған. Әрине бұл қуанышты. Бірақ сол балаларға бөлінетін қаржы аз, 700-800 теңгенің шамасы. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бір баланың бір күндік ыстық тамағына бөлінетін қаржы бір итті бір күн уақытша ұстауға жұмсалатын қаржаттан да аз.

Бұл әділетсіздік туралы жоғары мінберлерден де аз айтылып жүрген жоқ. Мысалы, Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев қаңғыбас иттерді күтіп ұстауға бөлінетін ақша оқушы тамағына бөлінетін қаржыдан көп екенін айтып, дабыл қаққан. Неге мұндай?

Жасыратыны жоқ, біздің елде «біртүрлі» заңдар аз емес. Мәселен, қазақтың төрт түлігінің тұқымын сапаландырып, санын көбейту үшін бөлінетін субсидияға қарағанда исі мұсылман шошына қарайтын шошқаны көбейтуге берілетін субсидия көлемінің көп екенін қанша насихаттаса да санам қабылдай алмайды. Бұл қазақ елін шошқа етімен қамтамасыз етеміз деген сөз бе?

Ес жинайтын уақыт келді. Иттің емес, баланың, шошқаның емес, төрт түліктің қамын жейтін кез келді. Бірақ, мұны ашынып айтқандардың орны -  абақты болуы әбден мүмкін. Сол үшін мұны тұтастай қоғам болып қолға алып, өз жоғымызды өзіміз түгендеуге күш салуымыз қажет. Жоғарыға қарап отыра берсек, бұдан да сорақысына жолықпасымызға кім кепіл?

Нұрбибі Жайсанқызы.

 

 

Пікір қалдырыңыз: