Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-12-09 09:00:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 46
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен "2024 жылғы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 08 сағат 24 мин 10 сек жер сілкінісі тіркелді" деп хабарлайды.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілген. Соның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Атакент ауылында 2 балл болған.
Зардап шеккендер мен қираған үй-жай жоқ.
Айта кету керек, Алматыда жер сілкінісіне арналған симуляциялық оқу орталығы ашылады.
Айтпақшы, бүгін АҚШ-тағы Андреян аралдарына жақын жерде жер сілкінісі болғаны хабарланды.