«Беташар» ЮНЕСКО-ның тізіміне енді

Дін мен дәстүр

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-12-08 15:45:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 62


«Беташар»  ЮНЕСКО-ның тізіміне енді

Қазақтың Беташар салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі «Беташар» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді» деп жазды ол.

Осылайша Беташар рәсімі адамзаттың мәдени мұрасы болып танылды. Жаңа түскен жас келінге елін таныстыр үшін жасалатын Беташар рәсімі халқымыздың ежелден келе жатқан салты. Кімнің кім болтынын ел алдында танып біліп алсын деген ниетпен жасалатын бұл дәстүрдің мәні тереңде.  Беташарда келін боп түскен еліне иіліп сәлем беретін жас келін үлкендерден бата алады. Ал қазақ ұғымында бата-тілек ұрпатың өсіп-өнуіне, екі жастың бақытты болуына тілеулестік білдіру ниеті.

Әрине, салт-дәстүрге қарсы шығып жүргендер  арасында «Адамға иілуге болмайды» деп беташардың да мәнін жоққа шығарғысы келетіндер бар. Десе де келіннің бұл иілуі адамға табыну емес, сәлем беріп құрметтеуі. Күйеуінің амандығын тілеу.  

Бұл жайлы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі былай деп ресми жауап берді:

Қазақ салтында келіннің түскен шаңырағындағы үлкендеріне құрмет ретінде иіліп сәлем салатын дәстүрі бар. Құрмет көрсеткен ибалы келінге өз кезегінде үлкендер «Өркенің өссін!», «Бақытты бол!», «Көп жаса, қарағым» деп жақсы тілек айтып, ризашылығын білдіреді.

Келіннің үлкендерге құрмет ретінде иіліп сәлем салуы Аллаға серік қосу болып саналмайды. Өйткені Құран Кәрімде періштелердің Адам атаға сәжде жасағандығы, Жүсіп пайғамбарға бауырлары сәждеге иіліп сәлем берулері адамның алдында сәжде жасаудың өзінің серік қосуға жатпайтындығын білдіреді. Егер бұл серік қосу болып саналғанда Алла Тағала періштелеріне,  Жүсіп пайғамбар бауырларына сәжде жасатпас еді. Сондықтан бұл мәселе ақидаға емес, шариғаттың харам немесе халал бөліміне жатады.

«әл-Мәусуғату әл-фиқһия» атты кітапта: «Ғалымдар жергілікті ғұрып бойынша рүкуғ дәрежесіне жетпейтін бас иію, еңкею үрдісі қалыптасқан болса ол күпірлік және харам болып саналмайды. Ал егер рүкуғ дәрежесіне жетсе, кейбір ғалымдар Алланы ұлықтағандай құлшылық мақсаты болмаса күпірлік және харам болмайды, бірақ мәкруһ саналады»[1], – деп келген.  

Ибн Муфлиһ әл-Мәқдиси: «Иіліп сәлем беру – жәйіз (рұқсат). Себебі ибн Омар Шам еліне барғанда жергілікті өзге дін өкілдері оған иіліп сәлем бергенде, оларға тыйым салмады. Бұл мұсылмандарды құрметтеу болып саналады»[2], – дейді.

Сондықтан келіннің үлкендерге құрмет ретінде иіліп сәлем салуы шариғатқа қайшы емес.

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз: